Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 16.02.2016 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453 «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 16 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 «"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағынасәйкес, Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса тiркелген Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы нормативтік құқықтық акт Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.
3. Осы шешімнің ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Торламбаеавқа жүктелсін.
5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Манзоров
Енгізеді:
Персоналды басқару қызметі
бөлімінің басшысы Д. Ахметқалиев
Келісілді:
Аппарат басшысы Б. Торламбаев
Келісілді:
Мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ш. Рыспаев
Алматы қаласы
Алатау ауданы әкімінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 3 шешімімен бекітілген
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау Әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
2. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
3. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
4. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
5. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
6. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
7. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі адам құрады.
8. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Аппарат басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
Комиссия хатшысы Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
2. Бағалау жүргізуге дайындық
10. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
3. Тікелей басшының бағалауы
11. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
4. Айналмалы бағалау
12. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
13. Осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
14. Осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
15. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
16. Осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
17. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
а = b + с
а - қызметшінің қорытынды бағасы,
b - тікелей басшының бағасы,
с - осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
18. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
21 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
21-ден 33 балға дейін - «қанағаттанарлық»,
33 баллдан жоғары - «тиімді».
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
19. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
20. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
21. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
22. Осы Әдістеменің 19-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
23. Комиссия шешіміне қызметшінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
24. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
25. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментіне береді.
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі
аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
нысан
Тікелей басшысының бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________
№ |
Өлшем |
Көрсеткіштің мәні |
Баға |
р/н |
(саны) |
(балл) |
|
1. |
Бастамашылығы |
2-ден 5-ке дейін |
|
2. |
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 8-ге дейін |
|
3. |
Әрекеттестікке икемділігі |
2-ден 5-ке дейін |
|
4. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы) |
Таныстым: Қызметші |
|
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі
аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
нысан
Айналмалы бағалау парағы
Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________
№ |
Өлшем |
Көрсеткіштің мәні |
Баға |
р/н |
(саны) |
(балл) |
|
Бағынышты адам |
|||
1. |
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
2. |
Жұмысқа ынталандыру қабілеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
3. |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
Барлығы (барлық бағалардың бағасы) |
|||
Әріптесі |
|||
1 |
Топта жұмыс істей алу қабылеті |
2-ден 5-ке дейін |
|
2 |
Қызметтік этиканы сақтауы |
2-ден 5-ке дейін |
|
3 |
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы |
2-ден 5-ке дейін |
|
Барлығы (барлық бағалардың бағасы) |
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі
аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша
нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты
_____________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
№ р/р |
Қызметшінің Т.А.Ә. |
Тікелей басшының бағасы |
Айналмалы баға |
Қорытынды баға |
1 |
||||
Комиссия қорытындысы: __________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы:___________________________ Күні:_________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:__________________________ Күні:_________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі:____________________________ Күні:_________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)