1. Келесі Солтүстік Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде шыны ыдыстағы өнімді өткізу тәртібі айқындалсын:
спорттық-бұқаралық, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде шыны ыдыстағы өнімді оларды өткізуге арналған сауда объектілерінен және қоғамдық тамақтану объектілерінен тыс жерде өткізуге жол берілмейді.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Е. Сұлтанов |