Солтүстік Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде шыны ыдыстағы өнімді өткізу тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 29 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 қазанда N 3435 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ШЕШТІ:
       1. Келесі Солтүстік Қазақстан облысында спорттық-бұқаралық, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде шыны ыдыстағы өнімді өткізу тәртібі айқындалсын:
       спорттық-бұқаралық, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде шыны ыдыстағы өнімді оларды өткізуге арналған сауда объектілерінен және қоғамдық тамақтану объектілерінен тыс жерде өткізуге жол берілмейді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       Е. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады