"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережесі туралы" № 6 шешіміне (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 тамызда № 1327 тіркелді, 2004 жылғы 03 қыркүйектегі № 36 "Добрый вечер" газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешімі";
Мемлекеттік тілдегі аталған шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоса берілген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы бекітілсін";
Аталған шешіммен бекітілген Отбасыларға (азаматтарға) етілген пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріндегі мемлекеттік тілдегі мәтін атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары";
Мемлекеттік тілдегі Ереженің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы қағида пәтер үй көмегін тағайындау тәртібі мен жағдайын анықтайды";
Мемлекеттік тілдегі Ереженің 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар отбасылар (тұлғалар), кондоминиумның жалпы мүліктеріне күрделі жөндеуге жұмсалған шығындарға өтем ақы алуға құқығы бар".
Орыс тіліндегі мәтін өзгертусіз қалсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы |
С. Ыбраев |
Қалалық мәслихат хатшысы |
Л. Жалмұқанова |