"Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2015 жылғы 28 қазандағы N 2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 қарашада N 3472 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 18.01.2016 N 6 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережесі туралы" № 6 шешіміне (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 17 тамызда № 1327 тіркелді, 2004 жылғы 03 қыркүйектегі № 36 "Добрый вечер" газетінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі № 6 шешімі";
      Мемлекеттік тілдегі аталған шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қоса берілген аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы бекітілсін";
      Аталған шешіммен бекітілген Отбасыларға (азаматтарға) етілген пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріндегі мемлекеттік тілдегі мәтін атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Отбасыларға (азаматтарға) пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну қағидалары";
      Мемлекеттік тілдегі Ереженің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы қағида пәтер үй көмегін тағайындау тәртібі мен жағдайын анықтайды";
      Мемлекеттік тілдегі Ереженің 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар отбасылар (тұлғалар), кондоминиумның жалпы мүліктеріне күрделі жөндеуге жұмсалған шығындарға өтем ақы алуға құқығы бар".
      Орыс тіліндегі мәтін өзгертусіз қалсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
С. Ыбраев
      Қалалық мәслихат
хатшысы
Л. Жалмұқанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады