"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Тастеміров |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мал шаруашылығын және мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру жөніндегі басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі және заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен шешімдер қабылдайды.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Д. Сыздықов көшесі, 4, индекс 150100.
9. Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Айыртауского района Северо-Казахстанской области".
10. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Жұмыс тәртібі: "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бес күндік жұмыс аптасы орнатылады, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды, күніне- 8 сағат (9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00- ден 14.00-ге дейін).
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шаруашылығы саласын дамытуды қолдау және жетілдіру.15. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Айыртау ауданы аумағында мемлекеттік бірыңғай аграрлық саясатты және мал шаруашылығын іске асыру.
16. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің тиімділігін іске асыру.
17. Мақсаттары:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік агроазық-түліктік бағдарламасын қаржылық қамтамасыз етуіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен берілген кредиттік ресурстары мен бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдаланылуын және толық игерілуін бақылау;
2) ауыл шаруашылық өндірісін және қайта өндеуге жаңа техника және прогрессивті технологияларды енгізу;
3) ауданның барлық тауар өндірушілерін дамуы үшін ауыл шаруашылық нарығын реттеу механизімін құруға және қажетті экономикалық жағдайларды және оларды құқықтық қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
18. Функциялары:
1) мемлекеттік аграрлық саясатты басқару облысын іске асыру;
2) ауыл шаруашылығын техникалық қайта жарақтандыруға қатысу;
3) ауыл шаруашылығындағы жергілікті және шетелдік жетістіктерді зерделеп оқу және насихаттау;
4) аудандық әлеуметтік-экономикалық даму, ауылдағы инвестициялық саясат пен әлеуметтік саланың бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
5) экономикалық және статистикалық ақпаратты жинастыруды және талдауды жүзеге асырады, тұтынушылар сұранымын, өткізу нарығының жағдайын талдайды;
6) ауыл шаруашылық өнімдерін тұтынушылар мен өндірушілердің байланыстарын іске асыруға ықпал жасайды;
7) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуге және қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
8) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
9) кепілдік тракторы және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарға мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру және тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
10) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқару куәлігі бар тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
11) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды басқару куәлігін алуға емтихан қабылдау және куәлік беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;
12) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналар ауыртпалығы жоқтығы (болуы) туралы ақпараттар беру мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
13) ауыл шаруашылық машиналарды мемлекеттік тіркеу бойынша есептік мәліметтерді "АӨК салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне" (ББАЖ) енгізеді;
14) заңнамамен көзделген жағдайларда машиналарды тіркеуден алуға шектеулер қояды;
15) жеке және заңды тұлғаларда ауыл шаруашылық техниканы тіркеудің болуы туралы құзырлы органдардың және иелерінің сұрауларына жауап береді;
16) көктемгі-егістік және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарын сатып алу, ауыл шаруашылық техниканың болуы, қажеттілігіне мониторинг және талдау жүргізеді;
19. Құқығы және міндеттері:
1) сотта талапкер және жауапкер болу;
2) өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан және уәкілетті тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
3) бекітілген тәртіпке сәйкес аудан бюджетіне салықтар және басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
4) Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне сәйкес жауапты болу;
5) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудынының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
6) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудынының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
20. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.21."Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының әрекет ететін заңнамасына сәйкес тағайындалады және қызметтен босатады.
22."Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
23."Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функцияларын ұйымдастырады және басқарады, уәкілетті органға тікелей бағынады (басқа заңнамалармен бекітілген жағдай-да) еркектер мен әйелдердің мүмкіндіктерімен құқықтарын бірдей мемлекеттік кепілдік ету туралы заңдылығының орындалуын және мекемеге жүктелген міндеттерді орындау мақсатында жүзеге асырады және жеке жауапкершілік етеді;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне байланысты мәселелерді бірыңғай бастама қағидасымен және Қазақстан Республикасы заңнамалары, осы Ереже бекіткен тәртіпте және өз құзыреті шегінде шешеді;
3) сенімхатсыз "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
4) барлық ұйымдарда "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
5) заңнамаларда бекіткен жағдайда мүлігіне билік ету;
6) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарлар мен сынақ істері, қазақстандық және шетел оқу орталықтарында қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша тәртібі мен жоспарын бекітеді;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын жасайды және бекітеді;
8) өз құзереті шегінде жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді, нәтижелі қызметін жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтырды болдырмау жолымен жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын орындау және кадрлық, бақылау, заңгерлік және басқа қызметтерді тарта отыра, оларда қарастырылған тәртіптік жазаларды қолданады, жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша жеке жауапкершілікке тартылады және "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мамандарының жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтарына жауапты.
9) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
25. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Заңды тұлға және құрылтайшының арасындағы қарым қатынастар
28. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі болып табылады.29. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және оның еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес болады.
30. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік лауазымына құқылы азаматтар, заңнамалық тәртіппен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес ие болады.
31. Жұмысқа қабылдағанда жазбаша келісім-шарт жасасады, бұл шартта екі жақтың құқығы мен міндеттері айтылады, қызметкердің еңбек ақы төлеу шарты қолданыстағы заңнамаға сәйкес.
32. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің еңбек ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте анықталады.
33. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы және еңбек ақысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілін есепке ала және мамандығы бойынша олардың біліктілігіне, функционалдық міндеттеріне сәйкес белгіленеді.
6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
34. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру (бірігу, қосу, айыру, бөлу, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асады.35. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
36. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырлығында ұйымдар, аумақтық органдар және мемлекеттік мекемелері жоқ.