Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 466 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 4026 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 27 бабының 3 тармағына, 46 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Ә. Ғаббасовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Тастеміров

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 466 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізілімі

      1) "Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мелекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 21 қаулысы (2015 жылғы 19 ақпандағы № 7 "Айыртау таңы" және "Айыртауские зори" газетерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 ақпанында № 3105 тіркелген);
      2) "Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мелекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 22 қаулысы (2015 жылғы 19 ақпандағы №7 "Айыртау таңы" және "Айыртауские зори" газетерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 13 ақпанында № 3106 тіркелген);
      3) "Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мелекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 298 қаулысы (2015 жылғы 08 қазандағы № 40 "Айыртау таңы" және "Айыртауские зори" газетерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте № 3394 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады