"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында тұратын нысаналы топтар анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма тоғыз жасқа дейiнгi жастар;
3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейiнгi балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
12) жұмыс берушi-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14) лаңкестік актінен жәбірленген адамдар және оған жол бермеуге қатысқан адамдарға.
2. 2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жасқа дейiнгi жастар;
2) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
3) отбасылардың бірде-біреуі жұмыс істемейтін тұлғалар;
4) он екі ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген тұлғалар.
5) техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарын бітіріп, оқу орнын аяқтағаннан соң он екі айдың ішінде жұмыспен қамтамасыз етілмеген түлектер;
6) өзін-өзі қамтыған тұлғалар.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Науановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы 2016 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі |
А. Тастеміров |