Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 17.02.2021 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42, 45 баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабының 7), 8) тармақшаларына, 123-бабына, 130-бабының 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі одан "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөліну жолымен қайта құрылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне өзгертілсін.
3. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 20.03.2018 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі" және "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемелері заңнамамен белгіленген мерзімде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді өткізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау осы саланы жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі |
В. Дудов |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Ескерту. Ереженің күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 20.03.2018 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Ескерту. Ереженің күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 20.03.2018 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.