Күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 84 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 4628 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 3-тармағына, 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысының 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3204 болып тіркелді, 2015 жылғы 28 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды);

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының кейбір мәселелері туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 346 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3372 болып тіркелді, 2017 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады