Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 03.07.2018 № 26-4 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 28 маусымда № 2299 тіркелген, аудандық "Есіл өңірі" газетінде 2013 жылғы 15 шілдеде, "Новости Приишимья" газетінде 2013 жылғы 15 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларында:
1-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.