Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 шілдеде № 4846 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданды мәслихатының 2024 жылғы 14 наурыздағы № 16-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданды мәслихатының 14.03.2024 № 16-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабы 2 тармағына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
XХVІ сессиясының төрайымы
З. Баянова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
хатшысы
Е. Әділбеков

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 шешіміне 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      2) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мəслихатының 13.11.2019 № 53-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 11.01.2021 № 72-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 30.05.2023 № 3-42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады (бұдан әрі - уәкілетті орган).

      3.Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мəслихатының 13.11.2019 № 53-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 11.01.2021 № 72-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      3-1. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.

      Ескерту. Шешім 3-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 30.05.2023 № 3-42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мəслихатының 13.11.2019 № 53-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 11.01.2021 № 72-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 11.01.2021 № 72-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Өтініштерді қабылдау, құжаттардың тізімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 147737 болып тіркелген).

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 11.01.2021 № 72-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдың басынан ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      8. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы алушыларға есептелген сомаларды дербес шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

2. Тұрғын үй көмегін төлеу мөлшері

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау келесі нормаларға сәйкес жүргізіледі:

      1) компенсациялық шаралармен қамтылатын тұрғын үй-жайдың ауданы бір адамға 18 шаршы метр, жалғызілікті азаматтарға 30 шаршы метрден кем емес мөлшерде қабылданады;

      2) коммуналдық қызметтің басқа түрлері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы нормаларына сәйкес.

      Тұтынудың төлеу нормасы мен коммуналдық қызметтердің тарифын көрсетілетін қызметтерді берушілер ұсынады.

      Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" ережесі негізінде жүргізіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 26-4 шешіміне 2 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2299 болып тіркелген, 2013 жылғы 15 шілдеде "Новости Приишимья" газетінде жарияланған).

      2. "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 22-3 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2508 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпанда "Новости Приишимья" газетінде жарияланған).

      3. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 23-4 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2673 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 27 мамырдағы № 35-3 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3275 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-5 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3473 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-2 "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 15 мамырдағы № 11-5 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәслихатының шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4202 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады