2016 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы аумағында Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыруды және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 48 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда N 3512 болып тіркелді

       "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. 2016 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыру және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі В. Дудов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2015 жылғы 20 қараша
Қ. Омаров

Об организации и обеспечении на территории района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области приписки и медицинского освидетельствования граждан мужского пола Республики Казахстан с января по март 2016 года

Решение акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 20 ноября 2015 года № 48. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 22 декабря 2015 года № 3512

       В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2012 года № 859 "Об утверждении Правил ведения воинского учета военнообязанных и призывников", аким района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:
      1. Организовать и обеспечить приписку и медицинское освидетельствование граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку республиканского государственного учреждения "Отдел по делам обороны района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области" Министерства обороны Республики Казахстан (по согласованию), с января по март 2016 года.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области Тайшабаеву Алтыншаш Жулдузбековну.
       3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района В. Дудов
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник республиканского
государственного учреждения
"Отдел по делам обороны района
имени Габита Мусрепова
Северо-Казахстанской области"
Министерства обороны
Республики Казахстан
20 ноября 2015 года
К. Омаров