2016 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы аумағында Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыруды және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ЖаңаСолтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 48 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда N 3512 болып тіркелді
1. 2016 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыру және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз