Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы əкімдігінің 27.05.2020 № 153 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабы 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42 бабы 6 тармағы 2) тармақшасына, 45 бабына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданын басқару жүйесі туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 40/245 сессиясы шешімінің негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімше құзырынан жергілікті атқару органдарына берілген мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау саласындағы функцияларды үйлестірумен және ветеринариялық функциялардың берілуімен "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінен бөліп шығару жолымен "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастырылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып аталсын.
3. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 13.02.2017 № 47 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4.Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің басшылық ететін бағыттар бойынша орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі |
М.Әбішев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 20 ақпандағы № 35 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Ескерту. Ереженің күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 13.02.2017 № 47 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме нысанында құрылған заңды тұлға.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымы болып мемлекеттік аграрлық сфера саясатында басшылықты жүзеге асырады.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің филиалдары және өкілдіктері жоқ.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және өкілетті органы "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі" болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің орналасқан жері: Индекс: 150500, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі, 10.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімітінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
8. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
9. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз кұзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
10. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
11. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: Индекс: 150500, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі, 10.
12. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Есильского района Северо-Казахстанской области".
13. Осы ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру егер заңнамалық актілермен бекітілмесе, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
15. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің нысаны, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызмет нысаны:
қайта өңделетін агроөнеркәсіпте, жер шаруашылығында, мал шаруашылығында мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру.
17. Мақсаты: агроөнеркәсіп кешені саласында аграрлық саясатты жүзеге асыруға көмектесу.
18. Функциялары:
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту, өнімді көтеру бойынша бағдарламаларды әзірлеу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес агроқұрылымдарға және кәсіпорындарға ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеуге, экономикалық бизнес-жоспарды және мемлекеттік несиелеу бағдарламалары арқылы несиелеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу;
аграрлық секторда ауылшаруашылық өнімдерін сату саласында нарықтық құрылымдардың және бәсекелестіктің қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ агросервисті енгізуге көмектесу;
ауыл шаруашылығы өндірісіне және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өндеуге жаңа техника және прогрессивті технологияларды енгізу;
ауыл шаруашылығын техникалық қайта жабдықтауға қатысу;
ауыл шаруашылығындағы жергілікті және шетелдік жетістіктерді зерделеу және насихаттау;
осы заманғы шетел технологияларын сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру;
ауданның агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық саясатты жүзеге асыруға қатысу;
ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыту, ауылдағы инвестициялық саясат және әлеуметтік сала бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
ауданның барлық тауар өндірушілерінің дамуы үшін ауылшаруашылығы нарығын реттеу механизмін құруға және қажетті экономикалық жағдайлар туғызуға және оларды құқықтық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
экономикалық және статистикалық ақпаратты талдауды және жинастыруды, тұтынушылар сұранысын, өткізу нарығының жағдайын (маркетингтік зерттеу) талдауды жүзеге асырады, ауылшаруашылық өнімдерін тұтынушылар мен өндірушілердің байланыстарын іске асыруға, өнімді сыртқа шығару жөнінде ұсыныстарды дайындауға қатысуға жәрдемдеу;
ауыл шаруашылығы өндірісінің әлеуметтік-экономикалық дамыту және қайта өңдеуші агроөнеркәсіптің орта мерзімдік жоспарын әзірлеуге қатысу;
ауданның аграрлық секторы өндірістік қызметінің жағдайын талдауды жүзеге асыру;
ауылдык елді мекендерде кәсіпкерлік қызметінің белсендігін жандандыру, инвестиция тарту, шығарылатын өнімдердің көлемін көбейту, ассортиментін кеңейту және сапасын көтеру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
ауылшаруашылығы өндірісін кадрлармен қамтамасыз етуді жақсарту жөнінде шаралар кешенін және ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары мен мамандар құрамының сапалы және сандық мониторингін жүзеге асыру;
ауыл шаруашылығы өндірісінің әлеуметтік-экономикалық дамыту және қайта өңдеуші агроөнеркәсіптің орта мерзімдік және стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысу;
пестицидтерді (улы химикаттарды) зиянсыз ету жұмыстарын мүдделі мемлекеттік органдармен ұйымдастыру;
фитосанитарлық зиянды организмдер жөніндегі мониторинг өткізу бойынша жеке және заңды тұлғаларға әдістемелік көмек көрсету, өсімдіктерді корғау саласында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру;
фитосанитария шаралары және өсімдіктерді қорғау саласында нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға ұсынуды қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
тыйым салынған объектерді таратуды есепке алу және мүдделі тұлғаларға ақпарат ұсыну;
орталық уәкілеттік орган белгілеген нормативтерге сәйкес бірінші, екінші және үшінші түрлі тұқымды тарату және өндіру квотасын тұқым шаруашылығы арасында бөлу;
тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып, мемлекеттік тіркеуге және қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
кепілдік тракторы және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарға мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру және тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды сенімхат бойынша басқару куәлігі бар тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды басқару куәлігін алуға емтихан қабылдау және куәлік беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді;
тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналар ауыртпалығы жоқтығы (болуы) туралы ақпараттар беру мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді;
ауыл шаруашылық машиналарды мемлекеттік тіркеу бойынша есептік мәліметтерді "АӨК салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне" (ББАЖ) енгізеді;
заңнамамен көзделген жағдайларда машиналарды тіркеуден алуға шектеулер қояды;
жеке және заңды тұлғаларда ауыл шаруашылық техниканы тіркеудің болуы туралы құзырлы органдардың және иелерінің сұрауларына жауап береді;
көктемгі-егістік және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарын сатып алу, ауыл шаруашылық техниканың болуы, қажеттілігіне мониторинг және талдау жүргізеді.
19. Құқықтары мен міндеттері:
сотта талапкер және жауапкер болу;
өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан және уәкілетті тұлғалардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
белгіленген тәртіпте аудан бюджетіне салықтар және басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болу;
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудынының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудынының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
20. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығы, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
21. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
22. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
23. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, олардың орындалуын ұйымдастырады;
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және босатады, заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлеріне мадақтау және тәртіптік жаза қолдану шараларын қабылдайды;
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
басшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша іс-шаралардың орындалуына дербес жауапты болады;
ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді.
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігін ол болмаған уақытта, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
24. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін және функциялық міндеттерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
25. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігімен" салаға тиісті уәкілетті органмен және оның еңбек ұжымымен қарым-қатынас Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі
26. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін.
Түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін.
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
27. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкіне ие болу мүмкіндігі бар.
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұымдастыру және жою
29. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 20 ақпандағы № 35 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Ескерту. Ереженің күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 13.02.2017 № 47 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ветеринария саласының қызметін, сондай-ақ заңнамамен белгіленген шегінде сала аралық үйлестіруді және басқа да оның құзіретыне қатысты қызмет саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы - "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария станциясы" шаруашылығы жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тиісті саласының құрылтайшысы және өкілетті органы "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі" болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің орналасқан жері: 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі, 10.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына және Конституциясына Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары бар.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін және Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған басқа да актілермен шешімдер қабылдайды.
9. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Тимофеев көшесі, 32.
11. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел ветеринарии Есильского района Северо-Казахстанской области".
12. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
13."Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің нысаны, мақсаттары, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің нысаны – аудан аумағында агроөнеркәсіп кешенін, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, ветеринариялық іс-шаралар қызметтерін қамтамасыз ету болып табылады.
16. Мақсаты: ветеринария саласында мемлекеттік бағдарламаны дамытуға және оны жүзеге асыруға қолдау көрсету.
17. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
2) тұрғындардың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасы аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының келуi мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
9) ветеринария саласында заңдылықты сақтауды мемлекеттік ветеринарлық- санитарлық бақылау.
18. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес оған жүктелген міндеттермен келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ветеринария мәселелері бойынша тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау жөнінде жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгізу;
10) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау жөнінде жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгізу;
11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларға зерттеу жүргізу;
14) эпизоотологиялық зерттеу актісін беру;
15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті, атқарушы органына ақпарат беру;
22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
24) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде облыстың жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар енгізу;
25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
28) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
19. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте құқығы бар:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан ветеринария саласында және оған жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды, материалдарды сұрауға және алуға;
2) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар, егер, олар ветеринарлық заң ережелерін және нормативтерді бұзған жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте лицензияларын кейін қайтаруға бастамшы болу қажет;
3) белгіленген тәртіпте төтенше эпизоотикаға қарсы комиссия құру туралы ұсыныс жасау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринария саласына ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау мемлекеттік объектілеріне заңнамалық нормалардың орындалуын тексеру мақсатында кедергісіз (қызметтік куәлігін көрсете отырып) баруға, сонымен қатар, ветеринария саласында жеке және заңды тұлғалардың қызметтері туралы ақпарат алу;
5) мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау объектілерінің сынамасына іріктеу немесе оларға зерттеу жүргізуді өткізу мерзіміне мүдделі тұлғаларға хабарлай отырып ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;
6) мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізу;
7) ветеринарлық құжаттарды беру;
8) қолданыстағы заңнамамен ұсынылған өкілеттігі шегінде актілерді шығару;
9) аумақта ветеринарлық-санитарлық жақсы жағдайларды анықтаған кезде, сонымен қатар, жағдайы нашар пункттерде әкелінетін (тасымалданатын) объектілерде, мал мен адамдардың денсаулығы үшін қауіпті ауруларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеуді ұйымдастыруға қатысу, сондай-ақ нұсқалған фактілер туралы денсаулық сақтау саласының уәкілетті мемлекеттік органына хабарлау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда сотқа талаппен жүгіну қажет;
20. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген заңнама тәртібімен міндетті:
1) заңмен орнатылған мерзімде жеке тұлғалардың және заңды тұлға өкілдерінің өтініштерін, прокурорлық іс-әрекеттердің актілерін, өз құзыреттілігінің мәселелері бойынша сұраныстарды қарауды қамтамасыз етуге;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнамадан басқа да міндеттер жүктелуі мүмкін.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
21. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырады.
22. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
23. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы жеткізілген штаттық саннын лимитіне сәйкес орынбасары болуы мүмкін.
24. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жалпы жетекшілігін іске асырады;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз етеді, ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін ұйымдастырады;
4) қаражатты мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
5) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында және жүктелген тапсырмаларды орындауда мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
6) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, қызметкерлерін марапаттау және қосымша ақы төлеу мәселелерін шешеді;
7) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өз құзыры шегіндегі аудан әкімінің, әкімдіктің құқықтық актілердің, нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындауды ұйымдастырады;
8) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің уәкілеттілігін және міндеттерін анықтайды;
9) өз құзырына жататын еңбек қатынастарының сұрақтарын шешеді, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
10) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және марапаттау мәселелерін шешеді;
11) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;
12) басқа ұйымдарда және барлық мемлекеттік органдарда "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан ұсынады;
13) әйелдер мен ерлердің тең құқықты және тең мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
14) "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауларына жеке дара жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қабылдайды;
15) заңнамаға сәйкес басқа өкілеттіліктерді де іске асырады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі
25. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Заңды тұлға және уәкілетті орган арасындағы қарым-қатынас
28. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі әкімшілігімен оның еңбек ұжымының қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі
29. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс күні аптасына 5 күн, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Демалыс күндері сенбі. жексенбі, түскі үзіліс – сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
30. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.