"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінен бөліп шығару жолымен "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 35 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 153 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 мамырда № 6319 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 - бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінен бөліп шығару жолымен "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 35 қаулысының (2015 жылғы 27 наурыздағы "Есіл-Таңы", "Ишим" газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3148 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі А. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады