"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабы 1) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50–тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеудің қоса берілген Қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қантардан бастап құқықтық қарым-қатынасқа таралады.
Аудан әкімі | М.Әбішев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 71 қаулысымен бекітілді |
Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің Қағидасы
1. Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға ) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің осы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру Қағидаларының 50 – тармағына сәйкес әзірленді және Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлеме есебінің тәртібін айқындайды.2. Заңды тұлғалардың қалалық коммуналдық теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін мүліктік жалға беру кезіндегі жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу құрылыс түрін, тұрғын емес қорының түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін есепке алатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің негізінде осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес анықталады және келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін жалдау ақысының мөлшерлемесі жылына;
Рбс – 1 шаршы метр үшін мүліктік жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, теңге жылына;
S – жалданатын алаң, шаршы метр, ғимаратта бөлмелердің бөлігін жалдауды есептеу кезінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін алаңның 25% көлемінде осы алаңдарды жалдаушымен ортақ пайдаланылатын орындарға рұқсат етілетіндерді есепке алу қажет;
Кт - құрылым түрін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес жай түрін ескеретін коэффициент;
Кск - үй-жайдың жайлылығын ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд - жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф – ұйымдастыру – құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
3. 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көлік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ақысын есептеу.
Мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін қоспағанда, көлік құралдарын, жабдықтарды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) берудің жылдық ақысы төмендегідей болып белгіленеді:
Ар = С х К1 х К2,
мұнда Ар –жалдау ақысының жылдық мөлшерлемесі;
С – жалдаудың жылдық базалық мөлшерлемесі, тең қолданылады С=(Sбал.* Nаморт.),
мұнда:
S бал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны;
N аморт. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер амортизацияларының шекті нормалары негізінде анықталады.
К1 - Пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент
К2 - Пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент
4. Коэффициент кестеде болмаған жағдайда, 1,0-ге тең коэффициент қабылданады.
Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларына 1 қосымша |
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (жалдау) кезіндегі құрылыс түрін, тұрғын емес қорының түрін, жайлылық дәрежесін, аумақтық орналасуын, жалдаушының қызмет түрін, ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін есепке алатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің көлемі
Есіл ауданының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу Қағидаларына 2 қосымша |