1. "Ауданның коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы" (Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3178 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Есіл таңы" № 14 (468) газетінде, 2015 жылғы 27 наурызда "Ишим" № 14 (8754) газетінде жарияланған) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 71 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ.Едіресовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Әбішев |