Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабы 1 бөліміне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыс берушілері үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін:
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілерін жұмысқа жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Қәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданы әкімінің міндеттерін атқарушысы |
Қ.Едіресов |