"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында азаматтарының жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 252 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте N 3366 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қазандағы N 320 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 02.10.2015 N 320 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21 бабы 1 бөліміне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыс берушілері үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін:
      қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде;
      интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған бітірушілерін жұмысқа жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Қәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Есіл ауданы әкімінің
міндеттерін атқарушысы
Қ.Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады