"1. 2016-2018 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджеті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 3 241 380,2 мың теңге;
сонымен қатар:
салық түсімдері 402 591 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер 4 772 мың теңге;
негізгі капиталдан түскен түсімдер 13 585 мың теңге;
трансферттер түсімдерінен 2 820 432,2 мың теңге;
2) шығындар 3 267 590,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелеу 24 278,9 мың теңге;
соның ішінде:
бюджеттік несиелер 41 359 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу 17 080,1 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар
бойынша сальдо 6 629 мың теңге;
соның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 6 629 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін
сатудан түскен түсімдер 0 мың теңге;
5) бюджеттік тапшылық (профицит) - 57 118,1 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын (профицитті қолдану) қаржыландыру 57 118,1 мың теңге;
қарыздардың түсімі 41 359 мың теңге;
қарыздарды өтеу 17 080,1 мың теңге;
бюджеттік қаражаттың қолданылатын қалдықтары 32 839,2 мың теңге.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 28.11.2016 № 8/43 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес, келесі салық түсімдері есебінен құрылатыны белгіленсін:
облыстық мәслихатпен белгіленген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
облыстық мәслихатпен белгіленген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
бірыңғай жер салығы;
көлік құралдарға салынатын салық;
бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
жер учаскелерін қолданған үшін төлемдер;
кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізген үшін жиындар;
республикалық бюджетке аударылатын, мемлекеттік баж және консулдық жиыннан басқа мемлекеттік баж.
3. 2016 жылға арналған аудандық бюджеттен облыстық бюджетке салық түсімдерінің жалпы сомасының бөлінуі келесі көлемде белгіленсін:
төлем көздерінде салынатын салықтардың кірістеріндегі жеке табыс салығы бойынша – 100 пайыз;
төлем көздерінде салынбайтын, шетел азаматтарының кірістеріндегі жеке табыс салығы бойынша – 100 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша – 16 пайыз.
4. 2016 жылға арналған аудан бюджетінде салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу белгіленсін:
төлем көздерінде салынбайтын кірістердегі жеке табыс салығы бойынша - 100 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша – 84 пайыз.
5. Аудандық бюджеттің кірістері келесі салыққа жатпайтын түсімдер есебінен құрылатындығы белгіленсін:
мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер;
мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер;
басқа да салықтық емес түсімдер.
6. Аудандық бюджеттің кірістері негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер есебінен құрылатындығы белгіленсін.
7. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін 2016 жылға арналған трансферттер көлемі 1 952 992 мың теңге, 2017 жылға - 1 978 208 мың теңге, 2018 жылға - 1 989 155 мың теңге қарастырылсын.
8. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінің түсімдері есепке алынсын, соның ішінде:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;
жергілікті бюджеттен қаржыланатын азаматтық қызметкерлердің еңбек төлем жүйелерінің жаңа моделіне ауысуына, сонымен қатар оларға лауазымдық жалақыларына ерекше еңбек төлемдеріне айсайынғы үстемеақы төлемдеріне;
әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің еңбек төлем деңгейлерін арттыруға;
үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбек төлемдерін арттыруға;
міндетті түрдегі тазалық заттарымен мүгедектерді қамтамасыз ету нормаларын арттыру;
агроөнеркәсіп кешенінің жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарын күтуге;
азаматтық хал актісін тіркеу бөлімінің штаттық санағын күтуге;
цифрық білім беру инфрақұрылымын құруға.
Республикалық бюджеттен аталған нысаналы трансферттердің бөлінуі "2016-2018 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджеті туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешімін жүзеге асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 18.10.2016 N 7/37 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
8-1. 2016 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің түсімі 2016 жылға аймақтың экономикалық тұрақтылығы мен жергілікті бюджеттің шығындарының өтемін қамтамасыз ету есепке алынсын.
Жоғарыда көрсетілген республикалық бюджеттен нысаналы трансферттерді бөлу "2016-2018 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджеті туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы" Есіл ауданы әкімдігінің қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталады.
Ескерту. Шешім 8-1 тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 18.03.2016 N 52/320 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
8-2. 2016 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы трансферттердің түсімі есепке алынсын, соның ішінде:
- "Жұмыспен қамту 2020 Жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген (одан әрі - Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы) Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы аясында қалалар мен селолық елді мекендерді дамытуға;
- Жұмыспен қамту 2020 Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыруға;
- энзоотикалық ауруларға қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізуге;
- ветеринарлық пунктердің модульдік ғимараттарын сатып алуға;
- Үлкен Тараңғұл көліне су өткізгіш шлюзінің құрылысына жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге;
- мал көмінділерін абаттандыру бойынша жұмыстарды өткізуге (сібір язвасының көму орындары);
- сібір язвасы көмінділерін топографиялық картаға енгізу бойынша жұмыстарды атқаруға.
Жоғарыда көрсетілген облыстық бюджеттен нысаналы трансферттерді бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталады.
Ескерту. Шешім 8-2 тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 18.03.2016 N 52/320 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 01.08.2016 N 4/23 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
9. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте Есіл ауданының селолық елді мекендеріне тұруға және жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені салаларының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға арналған республикалық бюджеттің бюджеттік кредиттері есепке алынсын.
Республикалық бюджеттің көрсетілген нысаналы трансферттерін бөлу "2016-2018 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджеті туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешімін жүзеге асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталады.
10. 2016 жылға арналған аудандық бюджеттің шығынына селолық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін төлемдер белгіленсін.
11. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 2016 жылы кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылары мен тарифтік ставкалары сақталсын.
12. Осы шешімнің 9, 10, 11 тармақтарының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
13. 2016 жылы мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және қазыналық кәсіпорындар жұмысшылары толық көлемде жалақымен қамтамасыз етілсін.
14. 2016-2018 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде Есіл ауданының селолық округтері бойынша шығындар 4, 5, 6 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
15. 2016-2018 жылдарға селолық округтер аясында мемлекеттік басқару органдарының трансферттері 7, 8, 9 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
16. 2016 жылға арналған жергілікті бюджетті орындау барысында жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрге жатпайтыны 10 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
16-1. Ауданның бюджетінде қаражаттың бос қалдықтары есебінен қаржылық жылдың басына қалыптасқан 20491,1 мың теңге сомадағы шығындар, 11 қосымшаға сәйкес қарастырылсын.
Ескерту. Шешім 16-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.02.2016 N 51/312 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
16-2. Ауданның бюджет шығындарында бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары есебінен, қаржылық жылдың басына қалыптасқан, 2015 жылы "Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару" 459006 бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 12347,7 мың теңге сомада, облыстық бюджеттен 0,4 мың теңге сомада бөлінген 12348,1 мың теңге сомадағы пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің қайтарылуы, 12 қосымшаға сәйкес қарастырылсын.
Ескерту. Шешім 16-2-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы облысы Есіл ауданы мәслихатының 17.02.2016 N 51/312 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
16-3. 2016 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті атқарушы органдардың борыштарын өтеуге және облыстық бюджеттен борыштар бойынша басқа да төлемдерге 24 мың теңге сомада шығындар қарастырылсын.
Ескерту. Шешім 16-3-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы облысы Есіл ауданы мәслихатының 18.10.2016 N 7/37 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
17. 2016 жылға арналған Есіл ауданының жергілікті атқарушы органының резерві 6026 мың теңге сомада бекітілсін.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 28.11.2016 № 8/43 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
18. 2016 жылға Есіл ауданының бюджетіне облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар 1 952 992 мың теңге сомада белгіленсін.
19. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Ғ. Аманжолова |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихат хатшысы |
Т. Мұқашев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 1 қосымша |
2016 жылға арналған Есіл аудандық бюджет
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 28.11.2016 N 8/43 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 2 қосымша |
2017 жылға арналған Есіл аудандық бюджет
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 3 қосымша |
2018 жылға арналған Есіл аудандық бюджет
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 4 қосымша |
2016 жылға арналған ауылдық округтер бойынша бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 28.11.2016 N 8/43 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 5 қосымша |
2017 жылға арналған селолық округтер бойынша бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 6 қосымша |
2018 жылға арналған селолық округтер бойынша бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 7 қосымша |
2016 жылға арналған жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нысаналы трансферттері
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 8 қосымша |
2017 жылға арналған жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нысаналы трансферттері
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 9 қосымша |
2018 жылға арналған жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нысаналы трансферттері
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 10 қосымша |
2016 жылға арналған бюджетті орындау үдерістегі қысқартуға жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізімі
Функционалдық топ | Бюджеттік бағдарлама әкімшісі | Бағдарлама | Атауы |
4 | | | Білім беру |
| 464 | | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі |
| | 003 | Жалпы білім беру |
| | | |
| | | |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 11 қосымша |
2016 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтарын бағыттау
Ескерту. Шешім 11 қосымшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 18.03.2016 N 52/320 шешімімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 48/299 шешіміне 12 қосымша |