Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 87 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде N 3236 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы N 33 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 10.02.2016 N 33 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 16-бабына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына, "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 Бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалаудың Үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТДІ:
      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.М. Пестовға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі И. Турков

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 30 наурызындағы № 87 қаулысымен бекітілген

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалаудың үлгілік
Әдістемесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы әдістеме Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесі (ілгеріде-Әдістеме) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалаудың Үлгілік әдістемесі негізінде әзірленген.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы "тиімді" деген баға алуы, оны лауазымы бойынша көтеруге негіз болып табылады.
      7. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      8. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      9. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен құрылатын (ілгеріде-комиссия) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының "Б" корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау жөніндегі Комиссия бекітеді.
      10. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      11. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы аудан әкімінің аппарат басшысы болып табылады.
      Комиссия хатшысы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас маманы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      12. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметінің бас маманы бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      13. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшенің бас маманына қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің бас маманы және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      14. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшенің бас маманы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      15. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша бағалау парағын толтырады.
      16. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшенің бас маманына оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.
      17. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.
      18. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      19. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді: a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы, b – тікелей басшының бағасы, c – осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      20. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз" 22 ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық", 33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      21. Персоналды басқару қызметі бағалауды өткізу кестесіне сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      22. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді. Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      23. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтер тізіміне енгізіледі.
      24. Осы Әдістеменің 22-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      25. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      27. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесіне 1-қосымша

            нысан

            Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: _______________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

р/№
Белгілері
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
1
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
3
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
 
 
Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) _______________
күні ___________________________
қолы ___________________________
Тікелей басшы ( Т.А.Ә.) ________
күні ___________________________
қолы ___________________________

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесіне 2-қосымша

            нысан

            Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: _______________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

р/№
Белгілері
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
4
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
2-ден 5-ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
 
 
 
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
 

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесіне 3-қосымша

             нысан

            Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)

р/№
Қызметшінің Т.А.Ә.
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
      _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________________
                              (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: ____________________
                        (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: ____________________
                        (Т.А.Ә., қолы)

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов Жамбылского района Северо-Казахстанской области

Постановление акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 30 марта 2015 года № 87. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 30 апреля 2015 года № 3236. Утратило силу постановлением акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 10 февраля 2016 года N 33

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 10.02.2016 N 33 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", пунктом 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", пунктом 2 Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" утвержденной Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупций от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки, деятельности административных государственных служащих корпуса "Б"", акимат Жамбылского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов Жамбылского района Северо-Казахстанской области.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Пестову Е.М.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования
      Аким района И. Турков

  Утверждена постановлением акимата Жамбылского района Северо-Казахстанской области от 30 марта 2015 года № 87

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов Жамбылского района Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящая методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов Жамбылского района Северо-Казахстанской области (далее - Методика) разработана на основе Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупций от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б"".
      2. Ежегодная оценка деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов Жамбылского района Северо-Казахстанской области (далее – Оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется, согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим оценки "эффективно" в течение трех лет служит основанием для повышения его в должности.
      7. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      8. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      9. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов Жамбылского района Северо-Казахстанской области (далее – Комиссия), которая создается распоряжением акима Жамбылского района Северо-Казахстанской области.
      10. Комиссия состоит не менее чем из трех членов, в том числе председателя.
      11. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата акима района.
      Секретарем Комиссии является главный специалист службы управления персоналом аппарата акима района. Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      12. Служба управления персоналом аппарата акима района формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Главный специалист службы управления персоналом аппарата акима района уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в подпунктах 1) и 2) пункт 4 настоящей Методики, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения не позднее одного месяца до ее проведения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      13. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от главного специалиста службы управления персоналом аппарата акима района, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае службой управления персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      14. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      15. Лица, указанные в пункте 14 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      16. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 14 настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      17. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.
      18. Оценка лицами, указанных в пункте 14 настоящей Методики, осуществляется на анонимной основе.

5. Итоговая оценка служащего

      19. Итоговая оценка служащего службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
      где a – итоговая оценка служащего, b – оценка непосредственного руководителя, c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.
      20. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно", от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно", выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      21. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком проведения оценки, согласованным председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом аппарата акима района предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.
      22. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим кратким пояснением в протоколе. При этом не допускается снижение оценки служащего.
      23. Служба управления персоналом аппарата акима района ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      Результаты оценки вносятся в послужные списки служащих.
      24. Документы, указанные в пункте 21 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      25.Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      26.Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      27.Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.

  Приложение 1 к Методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов Жамбылского района Северо-Казахстанской области

            форма

      Оценочный лист непосредственного руководителя
      Ф.И.О.(при его наличии) оцениваемого служащего: ______________________
Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 8
 
3.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
4.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
ИТОГО (сумма всех оценок):
 
 
Ознакомлен(а):
Служащий (Ф.И.О.) (при его наличии) ___________________________________
дата ________________________
подпись _____________________
Непосредственный руководитель (Ф.И.О.)
______________________________
дата _________________________________
подпись ______________________________

  Приложение 2 к методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов Жамбылского района Северо-Казахстанской области

            форма

      Лист круговой оценки
       Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:____________________
Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
3.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
 

  Приложение 3 к методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов Жамбылского района Северо-Казахстанской области

            форма

            Протокол заседания Комиссии по оценке

            ______________________________________________________
(наименование государственного органа)

№ п/п
Ф.И.О. служащего
Оценка непосредственного руководителя
Круговая оценка
Итоговая оценка
1
 
 
 
 

 
 
 
 

      Заключение Комиссии:
      _________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии:____________________ Дата: _________________
                  (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
      Председатель Комиссии:_____________________ Дата: _____________
                  (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
      Член Комиссии:__________________________ Дата: ________________
                  (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)