Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 33 қаулысы

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына, 40-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі И.Турков

  Аудан әкiмдiгiнiң 2016 жылдың 10 ақпанындағы №33 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария салаларындағы мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 66 қаулысы (нормативті құқықтық актілер Тізілімінде 2015 жылғы 16 сәуірде № 3214 болып тіркелген, 2015 жылдың 1 мамырында "Ауыл арайы", 2015 жылдың 1 мамырында "Сельская новь" газеттерiнде жарияланды);
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 87 қаулысы (нормативті құқықтық актілер Тізілімінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 3236 болып тіркелген, 2015 жылдың 15 мамырында "Ауыл арайы", 2015 жылдың 15 мамырында "Сельская новь" газеттерiнде жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады