"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1)- тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2015 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Б. Жұмабеков |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 68 қаулысымен бекітілген |