Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 264 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабы 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Жұмабеков

  Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 маусымдағы
№ 264 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған қаулылардың тізбесі:

      1. "2015 жылға арналған Қызылжар ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 68 қаулысы (2015 жылғы 12 наурызда № 3156 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Қызылжар" газетінің № 14 (577), 2015 жылғы 20 наурызда "Маяк" газетінің №12 (5515) жарық көрген).
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға үй-жай ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы №112 қаулысы (2015 жылғы 11 наурыздағы № 3151 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 13 наурыздағы "Қызылжар" газетінің №12 (575), 2015 жылғы 13 наурыздағы "Маяк" газетінің №11 (5514) жарық көрген).
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарға үй-жай ұсыну туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 113 қаулысы (2015 жылғы 11 наурыздағы № 3150 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда "Қызылжар" газетінің №13 (576), 2015 жылғы 13 наурызда "Маяк" газетінің №11 (5514) жарық көрген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады