Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 08.12.2020 № 503 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42, 45 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18, 130, 164 баптарына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 12.12.2016 № 485 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген мерзімде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Аудан әкімі | Б. Жұмабеков |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 115 қаулысымен бекітілген |
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ескерту. Ереженің күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 12.12.2016 № 485 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1."Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ветеринария саласында басшылық жүргізетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
2. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекетік мекемесінің ведомствосы бар:
"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
3. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілер және де осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
4. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекетік тілдегі атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланктері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп-шоты бар.
5. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға заңнамаға сәйкес уәкілетті болған жағдайда мемлекет атынан түсуге құқылы.
7. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзырына жататын мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте шешім қабылдайды, олар басшы бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге актілермен ресімделеді.
8. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институтский көшесі 1, индекс 150700.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Қызылжарский районный отдел ветеринарии".
11. Осы Ереже "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
13. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі болып табылатын міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тыйым салынады.
Егер, "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс түсетін қызметпен айналысу құқығы берілсе, онда бұндай қызметтен түскен кіріс мемлекетік бюджет кірісіне бағытталады.
2. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, қызметі, құқығы және міндеттері
14. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласында мемлекетік саясатты жетілдіру және дамытуға көмек көрсету.
15. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
жануарларды аурудан сақтау және оларды емдеу;
халықтың денсаулығын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың келуінен және таралуынан қорғау;
ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жепшөп қосындыларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
ветеринария саласындағы заңнаманы сақтау үшін мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау.
16. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметі:
облыстың жергілікті өкілетті органына жануарларды ұстау ережесін, иттер мен мысықтарды ұстау және қыдырту ережесін, қаңғыма иттер мен мысықтарды аулау және жою ережесін бекіту, жануарларды ұстау санитарлық зона шекарасын анықтау бойынша ұсыныстар енгізеді;
қаңғыма иттер мен мысықтарды аулау және жоюды ұйымдастырады;
ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымының (биотермиялық шұңқыр)құрылысын ұйымдастырады;
ветеринария мәселесі бойынша халық арасында ағартушылық жұмыс жүргізу және ұйымдастыру;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу, ұйымдастыру;
адамдардың және малдардың денсаулығына қауіп төндіретін мал шикізатын, өнімін, малды алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу;
адамдардың және малдардың денсаулығына қауіп төндіретін мал шикізатын, өнімін, малды алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған), өңделген малдың орнына иелеріне құнын өтеу;
аудан аумағында малдардың жұқпалы ауруы пайда болған жағдайда сәйкес аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын орнату туралы шешім қабылдау үшін аудандық жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;
аудан аумағында малдардың жұқпалы ауруы ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізген соң сәйкес аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын алу туралы шешім қабылдау үшін аудандық жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізу;
аудан аумағында малдардың экзотикалық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізбе бойынша малдардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру бойынша іс-шараларды жүргізуді және ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру бойынша дерекқор жүргізуді ұйымдастыру;
ауылшаруашылық малдарына жеке нөмірлер қажеттігін анықтау және облысының жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
ветенитариялық есеп пен есептілікті жинақтау, талдау және оны облыстың жергілікті атқарушы органына беру;
малдардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының адын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
алдын алу және диагностикасы жергілікті бюджет есебінен жүргізілетін малдардың энзотикалық аурулар тізбесі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препататтарды сақтауды ұйымдастыру;
сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар туралы ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;
ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нысанында ветеринариялық-санитариялық тұжырымдама беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларын аудан шегінде жеке және заңды тұлғалардың сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу және ұйымдастыру;
эпизотиялық ошақтар пайда болған жағдайда тексеру жүргізу;
эпизоотологиялық тексеру актісін беру;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамалары талаптарының сақталуы бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды жүргізу:
ішкі сауда объектілерінде;
малдарды өсіру, дайындау (сою), сақтау, малдар, мал өнімдері мен шикізатын сатуды, сондай-ақ ветеринарлық дәрі-дәрмектерді, жемшөптерді және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және сатуды (импортпен экспортты қоспағанда) іске асыратын өндіріс нысандарында;
ветеринариялық препататтар өндірісін қоспағанда, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын тұлғаларда;
экспорт (импорт) және транзитті қоспағанда, аудан аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспорт (импорт) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізу;
жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау актісін жасау;
уәкілетті органмен бекітіліген жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбе бойынша және де жануарлардың өзге ауруларын диагностикалау үшін биологиялық материал сынамасын алу және жеткізу, алдын алу бойынша ветеринарлық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген аса қауіпті жануарлар ауруының ошақтарын жою;
уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті және энзотикалық ауруларын диагностикалау.
17. Құқықтары мен міндеттері:
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құқылы:
өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;
ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті іске асыратын жеке және заңды тұлғалар белгіленген ветеринарлық санитарлық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда, заңнамамен белгіленген тәртіптеолардың лицензияларын қайтаруды бастамалауға;
белгіленген тәртіпте төтенше эпизоотияға қарсы комиссия құру туралы ұсыныс енгізуге;
ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) кіруге;
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін, зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізуге;
ветеринариялық құжаттарды беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген өкілеттіктер шегінде актілер шығаруға;
ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеуді ұйымдастыру ісіне қатысуға, сондай-ақ аталған фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға.
3. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылық басшымен жүргізіледі, ол "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерінің іске асырылуына жеке жауапкершілік тартады.
19. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
20. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары бар, ол лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және босатылады.
21."Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына жауапкершілік тартады;
аудан әкіміне бөлімнің штат кестесін бекітуге ұсынады;
құзыреті шегінде аудан әкімдігіне және аудан әкіміне нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын және басқа құжаттарды қарауға ұсынады;
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі"мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және жұмыстан босатады;
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орынбасар және басқа қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарын шығарады, сондай-ақ "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне міндетті түрде орындау үшін тапсырма береді;
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақталуын қамтамасыз етеді;
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ер азаматтардың және әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
"Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі"мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапты болады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.
22. Басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарының өкілеттігін анықтайды.
4. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Қызылжараудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі негізгі қорлардан және айналым қаражатынан тұратын құрылтайшымен тапсырылған мүлік есебінен, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.
25. Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге жағдай белгіленбесе, "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен құрылтайшы арасындағы қарым-қатынас
26.Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
27. Құрылтайшының орналасқан жері: индекс 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі 11.
28. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен құрылтайшы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді және реттеледі.
6. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және жою
29."Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс кестесі
30. "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс кестесі "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің регламентімен белгіленеді.