Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2015 жылғы 11 наурыздағы № 115 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 503 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 6780 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің "Қызылжар аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" 2015 жылғы 11 наурыздағы № 115 қаулысының (2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3184 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданының әкімі
Ж.Садвокасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады