"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 114 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3183 тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде №15 (5518) "Маяк" газетінде, 2015 жылғы 10 сәуірде № 16 (579) "Қызылжар" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аталған қаулының қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Р.Е. Рамазановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жұмабеков |
Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 255 қаулысымен бекітілген | |
Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 114 қаулысымен бекітілген |
"Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығын реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауыл шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы болып табылады.
"Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 150700, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институт көшесі, 1.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Кызылжарский районный отдел сельского хозяйства".
11. Осы Ереже "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекетік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. " Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
14. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қызылжар ауданында жер шаруашылығы және мал шаруашылығында мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру болып табылады.15. Міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға, оның сапасын жоғарылатуға, өндіру шығынын төмендетуге жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласына қаржыны енгізуге және жаңа технологияларды пайдалануға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өндіруді диверсификациялау мәселелерін шешуге болжамдайтын сау бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы шарттарды жасау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "ІҚМ етінің экспортты әлеуетін дамыту" жобасын жүзеге асыру аясында жоспарлы тапсырмаларын орындауға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеу бойынша бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, бағыттайтын мәселелер бойынша облыс және аудан әкімінің және әкімдігінің актілерін орындалуын қамтамасыз ету, оларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу процедураларын орындау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның балансында тұрған ғимараттарды және құрылыстарды, тұрғын үйді күтіп ұстау, күрделі және ағымдағы жөндеуді қамтамасыз ету;
16. Функциялар:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес агроқұрылымдарға және кәсіпорындарға ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеуге, экономикалық бизнес-жоспарды және мемлекеттік несиелеу бағдарламалар арқылы несиелеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аграрлық секторда, қайта өңдеу және ауыл шаруашылық өнімді жүзеге асыру саласында, сонымен қатар агросервисті енгізуге нарықтық құрылымның және бәсекелестікті құруға және дамытуға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндіріске және қайта өңдеуге жаңа техниканы және дамыған технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндірісті техникалық қайта жабдықтаумен жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында жергілікті және шетел жетістіктерін зерттеу және насихаттау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның агроөнеркәсіп кешенінде қаржылық саясатты жүргізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, ауылдың әлеуметтік саладағы қаржылық саясатты әзірлеуде қатысу;
Барлық субсидиялау бағдарламасын жүргізу бойынша шараларды жүргізу;
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында субъектілерден асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы мәлімет жинауды жүргізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес апаттылық және басқа төтенше жағдайлар салаларын жоюға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның барлық тауар өндірушілердің дамуы үшін ауыл шаруашылық нарығын және қажетті экономикалық жағдайларын және құқықтық қамтамасыздықты реттеу механизмін құруға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес экономикалық және статистикалық мәліметті жинау және талдау, тұтынушылық сұранысты, нарықтардың өткізу (маркетингтік зерттеулер) жағдайын талдау, тұтынушылардың және ауыл шаруашылық өнім өндірушілердің байланыстарын орнатуға жәрдемдесу, экспорт бойынша дайындыққа қатысу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан аграрлық секторының өндірістік қызметін талдау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржыларды тарту, ауылды елді-мекеннің кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін арттыру, шығарылатын ауыл шаруашылық өнімнің ассортиментін кеңейту және сапасын жоғарылату бойынша іс-шаралар кешені;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндірістің кадрлық қаматамасыздығын жақсарту бойынша шаралар кешені;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасының сотында "Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызығушылығын белгіленген ретпен ұсыну;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен ескерілген басқа өкілеттік;
17. Құқықтары мен міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның атқарушы органдарынан, ауылдық округ әкімдерінен қажетті құжаттарды, мәліметті сұрау және алу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер шешіміне ауданның атқарушы органдарының, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін қатыстыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімдігінің және мәслихаттың, аудандық алқа, аумақтық және басқа атқарушы органдарының мәжілісінде қатысу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Аққайың аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген тапсырмаларды және функцияларды орындау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен басқа заңды актілерді жасау.
4. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін."Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.