1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына 2016 жылы жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы, өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына 2016 жылы тұрғын үй алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
3. Осы шешімінің 1 және 2-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихаты сессиясының төрайымы, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының хатшысы |
А. Молдахметова |