Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына 2016 жылы тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 43/4 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда N 3570 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 08 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес, Қызылжар ауданы әкімі мәлімдеген қажеттілікті есепке ала отырып, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына 2016 жылы жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы, өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына 2016 жылы тұрғын үй алу немесе салу үшін маманмен өтініш берілген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау өтініш берген сәттен бастап ұсынылсын.
       3. Осы шешімінің 1 және 2-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы,
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Молдахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады