"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауданы бас мемлекетттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 11-11/93 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Семиполатное ауылы аумағындағы ірі қара малдарының бруцеллез анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме жүктеймін.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Х. Жанабеков |