Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 27.07.2016 N 200 қаулысымен.
"Мемлекеттк мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 598 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Пішенбаев |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 75 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның әлеуметтік экономикалық-дамуын, бюджеттік жоспарлау және бюджетті орындау, коммуналдық меншікті басқаруға қатысу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ведомстволары жоқ.
Шарттың міндеттемелері бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекемені ұстауға арналған бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде туады.
Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі болып табылады.
Мемлекеттік мекемені мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі болып табылады.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президентінің актілеріне, ведомстволық нормативтік-құқықтық актілеріне, әкімдіктің қаулыларына, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдеріне, және де осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушы-құқықтық үлгісінде заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Мемлекеттік мекемемен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған тәртіпте тіркеуге жатады.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болып сөйлеуге құқығы бар.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің шегінде мәселесі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгеннен басқа да актілерімен ресімделген шешімдер қабылдайды.
8. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан орны: 150800, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 24.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел экономики и финансов района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области".
11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
12. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, егер басқа заңнамалық актілермен бекітілмесе.
13. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері болып табылатын Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттерді орындау затына кәсіпкерлік субъектілермен шарт жасау қатынасына тыйым салынады.
Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне беріледі.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: бюджетті айқын және уақытында орындалуын қамтамасыз ету, үздіксіз және есеп беру принципі бойынша анық қаржылық есеп құру; аудан экономикасының тұрақты бәсекеге қабілетті экономикалық өсу және жетілдіруіне жәрдемдесу мақсатында ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару; әлеуметтік-экономикалық саясатын және мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру.
15. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциларына сай басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес міндеттер:
1) жоспарланған кезеңге аудан бюджеті жобасын әзірлеу, тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетін нақтылау;
2) бюджеттік мониторингті жүргізу (жоспарлау және бюджетті орындау көрсеткіштерін үнемі, жүйелі бақылау және талдау);
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
4) ауданның коммуналдық меншігін басқаруға қатысу;
5) аумақты, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламалары, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру, аталған бағдарламалар мониторингін ұйымдастыру және өткізу;
6) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша бюджеттік бағдарлама өңірлерінде іске асыруды үйлестіру.
16. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес функциялар:
1) үш жылдық мерзімге аудан бюджеті кіріс және шығыс бөлігінің болжау көрсеткіштерін жоспарлау;
2) аудан бюджеті туралы, аудан бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу;
3) коммуналдық меншікті басқару бойынша ауданның бюджетін бекіту және нақтылау жөніндегі мәслихат шешімін іске асыру туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу;
4) әкімдікке, мәслихаттың тексеріс комиссиясына, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына есепті қаржыландыру жылына аудан бюджетін орындау туралы жылдық есебін құрастыру және ұсыну;
5) аудан бюджеті бойынша міндеттемелер жөнінде қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер жөнінде түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрастыру, бекіту және енгізу;
6) жылдық сомаларды енгізіп, төлемдер жөнінде түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер жөнінде қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
7) аудан бюджетін орындау бойынша есептер құру;
8) аудан бюджеті бойынша қайырымдылық және демеуші көмектен ақшалай түсімі мен шығындар туралы, тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сатудан қаражаттың шығындары және түсімдерінің жоспарларын орындау бойынша есептер құрастыру;
9) аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есеп құру;
10) бюджетті орындау бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің әрекетін үйлестіру және бюджеттің орындалуын ұйымдастыру;
11) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелерін талдау;
12) бюджеттік мониторингті және есепті жүргізу;
13) ауданның мемлекеттік мекемелерінің (өзгерістер мен толықтырулардың жобасы) бюджеттік бағдарлама жобаларын келісу; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік мекемелерінің әрекетін үйлестіру және талдауын жүзеге асыру;
14) бес жылдық мерзімге ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
15) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүргізу;
16) аудан бойынша жоспарланған көлемдерде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың және жалпы жинақтық номенклатурасын құрастыру және оларды уәкілетті органдарға ұсыну;
17) ауданда мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселесі бойынша мониторингті жүзеге асыру;
18) аудан аумағын, ауылдық аумақтарды, "Өңірлерді дамыту" бағдарламаларын әзірлеу бойынша ауданның мемлекеттік мекемелері қызметін үйлестіру;
19) аудан аумағын, ауылдық аумақтарды, "Өңірлерді дамыту" бағдарламаларын іске асыруды келісу және мониторингін жүргізу;
20) бюджеттік инвестициялық жобалар, бюджеттің дамуы, бюджетті нақтылау, аударымдар мен еңбекақыға бөлінген шығындардың мониторингі;
21) жергілікті бюджетке түсетін кірістердің болжамы;
22) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде әкімдіктің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын келісу және олар бойынша қорытынды беру;
23) өз құзыреті шегіне аудандық коммуналдық мүлікті басқару және жекешелендіру мәселелері жөніндегі аудан әкімдігінің және әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;
24) заңнамалық актілерге сәйкес аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін пайдалану, иемдену бойынша өкілеттікті жүзеге асыру, адандық коммуналдық мүлікті тиімді, ұтымды пайдалану және сақтау жөніндегі мәселелер бойынша, оны қорғау жөнінде жүргізілетін жұмыстар бойынша шараларды жүзеге асыру;
25) аудандық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру;
26) аудан әкімдігімен белгіленетін шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігін аударуларының нормативтерін келісу;
27) шаруашылық жүргізу құқығы бойынша коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінің уақытында толық есептелуіне және аударылуына, сондай-ақ сметадан тыс алынған қазынашылық кәсіпорындардың табыстарына бақылауды іске асыру;
28) акцияларға, аудандық бюджет табысына аудандық коммуналдық меншікке қарасты акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) дивиденттерінің уақытында толық есептелуін және аударылуын бақылауды іске асыру;
29) мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың акционерлік қоғамдардың және шаруашылық серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлесімен тізілімдерін жүргізу, осы мекемелерде мүліктерді түгендеу және есепке алу;
30) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің тоқсан сайынғы мониторингін іске асыру;
31) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық қызметінің әзірленген жоспарын бақылауды іске асыру;
32) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарларын есептерін жасау және орындау бойынша есептердің жасалуына бақылауды іске асыру;
33) аудандық коммуналдық мекемелер және кәсіпорындар мемлекетпен бақыланатын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүлкіне түгендеу жүргізілуіне бақылауды іске асыру;
34) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;
35) аудан аумағында айқындалған иесіз жылжымайтын нәрселерді есепке алу туралы өтініштерді жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу құқығын іске асыратын органға жіберу;
36) мемлекетке мұра құқығында, сондайақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте берілген иесіз мүлік, табыс етілген мүлік, бақылаусыз қалған жануарлар Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіпте иесіз болып дәлелденген коммуналдық меншікке шағымдалған (түскен), мәдени құндылықтарға қатысты құрамында нәрселері жоқ қазына үлестерді аудандық коммуналдық мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, әрі қарай қолдануды ұйымдастыру;
37) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға аудандық коммуналдық мүлікті кейіннен меншікке өтеусіз беру құқығымен, кейіннен өтеуін төлеп алу құқығымен немесе кейінгі тапсыру құқығымен мүліктік жалға алуға (жалға беруге) немесе сенімгерлік басқаруға беру;
38) аудандық коммуналдық меншік объектілерімен сенімгерлік басқару бойынша мүлікті жалға беру шарттарын жасасу, өз құзыреті шегінде басқа да шарттарды жасасу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
39) мүлікті жалға беру, сенімгерлік басқару шарттары бойынша, басқа да шарттар бойынша жалға берушілермен, объектілерді сенімгерлік басқарушыларымен аудандық коммуналдық мүлік міндеттемені орындау бойынша бақылауды іске асыру;
40) мүлікті, соның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарлық капиталдағы қатысу үлесін, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беруді іске асыру;
41) мүлікті, соның ішінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерін, акционерлік қоғамдардың акцияларын және облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарлық капиталдағы қатысу үлесін, облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне қабылдауды іске асыру;
42) аудандық коммуналдық меншіктің коммуналдық заңды тұлғалар арасында мүлікті беруді іске асыру;
43) коммуналдық заңды тұлғалар теңгерімінен негізгі құралдарды есептен шығару бойынша жұмыстар жүргізу;
44) аудандық коммуналдық меншік объектілеріне меншік құқығын растауды іске асыру;
45) аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесіне кіретін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының алдын ала келісімін алу;
46) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруды жариялау үшін "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес мерзімді басылымды айқындау бойынша конкурс өткізу;
47) аудандық коммуналдық мүлікті бағалау "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңында белгіленген жағдайда "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу;
48) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңында белгіленген аудандық коммуналдық мүлікке баға беруді өткізу бойынша конкурс жеңімпаздарымен шарт жасасу;
49) тендер талаптары бойынша аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалға беру немесе сенімгерлік басшылыққа беру, сауда-саттықты өткізу бойынша ведомствоаралық комиссия құру;
50) аудандық коммуналдық мүліктің объектілерін алдын-ала сатуға дайындау бойынша жұмыстар жүргізу, жеке сауда-саттық бойынша жекешелендіру объектілерін тарату, сондай-ақ оларды өткізу бойынша мерзімін белгілеу, жекешелендірілген әр объект бойынша сауда-саттық нысандарын анықтау, жекешелендіру объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төмен бағаларын анықтау және бекіту, кепілдік түсімдерді қабылдау және қайтару;
51) аудандық коммуналдық меншік объектілерінің жекешелендірілуін ұйымдастыру жәнем өткізу, аукциондарды, тендерлерді ұйымдастыру және өткізу барысында қадағалауды іске асыру;
52) сауда-саттық жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және аудандық коммуналдық мүлік объектілерін жекешелендіру шарты талаптарының орындалуын бақылау, осы шарттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу;
53) сауда-саттық өткізу процедураларына байланысты сауда-саттыққа қатысушылар, сатып алушылар және ұйымдастырушылармен есеп айырысуды іске асыру;
54) аудандық коммуналдық меншікті сатудан, аудандық коммуналдық мүлікті жалға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беруден түскен ақшалай қаражаттың аудандық бюджет кірісіне түсуінің толықтығы мен уақытылығына бақылауды жүзеге асыру, қарыздарды өндіріп алу бойынша шаралар қолдану;
55) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мониторингін және ауылдық елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылығын анықтау жөніндегі мәліметтерді ұйымдастыру, бақылау және талдау;
56) өз құзыреті шегінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша функцияларды жүзеге асыру;
57) ауыл тұрғындарының тіршілікпен қамтамасыз етілуі сәйкестігіне ауылдық елді мекендерді бағалауға қатысу және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі критерийлер бойынша ауылдық елді мекендердің сыныпталуын бақылау;
58) аудандық ұйымдардың қызметін үйлестіру және оларға ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсету.
17. Құқықтары мен міндетері:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген әрекеттерді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ауданның жергілікті атқарушы органдарынан, ұйымдарынан, мекемелер және меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардан құжаттарды, қорытынды, анықтама және басқа мәлімдемелері, қажетті ақпаратты сұрауы және алуы;
2) салық органдарынан бюджет алдында белгіленген уақытта және нысан бойынша салықтардың түскен сомасы, басқа міндеттемелер туралы есептерді алуы;
3) аудан бюджетін жоспарлау және орындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы бюджеттік заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтауға, бекітілген жергілікті бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) экономикалық тиімділігіне және мақсаттылығына баға беруі;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес аудандық коммуналдық меншіктегі аудандық коммуналдық мүлікті, соның ішінде акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің үлестерін) иемденуі, пайдалануы және билік етуі;
5) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтарын және мүдделерін қорғау үшін барлық деңгейдегі сот органдарына жүгіну, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Соттарында аудандық коммуналдық мүлікке иелік ету, пайдалану және билік ету мәселелері, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселелері бойынша таныстыру;
6) өз құзыретінің шеңберінде аудандық коммуналдық меншіктегі жекешелендірілетін объектілерді алдын-ала сатуға дайындалу шығындарын қаржыландыру үшін қаражатты пайдалану, аукционадарды, тендерлерді ұйымдастыру және өткізу, постжекешелендіру бақылауын жүргізу, жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат есебінен заңды және жеке тұлғалардың сараптаушы және кеңес беруші ретінде шарт негізінде қабылдау;
7) шарттың талаптарын бұзғаны, соның ішінде аудандық коммуналдық меншік объектілерінің меншіктік жалға беру төлемін төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін, тағайындалуына байланысты емес мүлік объектісін пайдалану үшін, оны жалға берушінің келісімінсіз еншілес жалға беру, өткізу үшін, сондай-ақ жалға алушымен жалға берушінің келісімінсіз қайта жаңарту үшін, объектіні қайта жабдықтау немесе өзгерту, оның ішінде орналасқан инженерлік жүйелерді және коммуникацияларды, өтеусіз пайдалану, сатып алу-сату шарттарының талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін төлемақы және айыппұл есептеу;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті іске асыру.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды заңнамаға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүзеге асырады.
Өкілетті орган белгілеген қолданыстағы заңдардың тәртібімен мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мүлікті бекітеді;
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұстауға арналған сметаны (шығыстар жоспарын) бекітеді;
3) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктің нәтижелі пайдаланылып және сақталуына бақылау жүргізеді;
4) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекітеді, ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;
5) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын, құру тәртібін және басқару органының өкілеттік мерзімін анықтайды;
6) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының жауапкершілігн және міндеттерін, құқығын анықтайды;
7) "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штат саны шегін бекітеді;
8) жылдық қаржылық есептерін бекітеді;
9) белгіленген заңдармен өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
19. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы, қолданылып жүрген заңнамалардың басқа жағдайларын есепке алмағанда, аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
20. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары бар.
21. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойған міндеттері мен олардың қызметтерінің орындалуына дербес жауапты болады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәселлерін шешеді және оның құзыретіне сәйкес бастапқылық қағидатпен, өз еркімен іс-әрекет жасайды.
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылықты іске асырған кезде белгіленген заңнама тәртібімен:
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
барлық мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғайды;
қолданылып жүрген заңдардың шегінде және жағдайларында мүлікке басшылық етеді;
бұйрықтар шығарады және барлық қызметкерлер үшін міндетті нұсқаулар береді, сенімхаттар береді;
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа алады және жұмыстан босатады;
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолданады;
"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шегін анықтайды;
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген негізгі Ережені сақтауды қамтамасыз етеді;
осы Ережемен және уәкілетті органмен, қолданылып жүрген заңнамалармен оған жүктелген басқа да қызметтерді іске асырады.
22. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің зейнеткерлік жасқа толған қызметкерлерінің зейнеткерлік қамтамасыз етілуі мемлекеттік қызмет және зейнеткерлік қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
23. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі, оған мемлекет берген мүлік есебінен және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде құны көрсетілген басқа да мүліктен қалыптастырылады.
25. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі және мемлекеттік мүлікке жатады.
26. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептерді ұсынады.
27. Егер Қазақстан Республикасы заңнамасында өзгеше көзделмесе "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
28. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.