Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 200 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігімен қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Г.Р. Рамазановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а Ж. Есдәулетов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 200 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 40 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2015 жылғы 27 ақпандағы № 3118 тiркелген, 2015 жылғы 3 наурыздағы "Мағжан жұлдызы" № 10 аудандық газетінде, 2015 жылғы 3 наурыздағы "Вести" № 10 аудандық газетінде жарияланған) қаулысы.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 75 "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 3230 бойынша тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы "Мағжан жұлдызы" № 21 аудандық газетінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы "Вести" № 21 аудандық газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады