Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 04.10.2024 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 8-бабы 4-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" № 320 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру Қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мектептері жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтелсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Қ. Пішенбаев |