Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мектептері жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығынын өтеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 96 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 мамырда N 3249 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 202 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 04.10.2024 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 8-бабы 4-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" № 320 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру Қағидаларының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мектептері жанындағы интернаттарда тұратын балалардың тамақтану шығыны жергілікті бюджет қаражаты есебінен толық өтелсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 сәуірден бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі Қ. Пішенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады