"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта атауы және мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 35 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 ақпанда N 3103 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 269 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 16.11.2020 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 42 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабы 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қайта аталсын.

      2. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 21.02.2017 № 45 қаулысымен (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысы Қ.С.Сарбалиновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Бекшенов

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 35 қаулысымен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ереженің күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 21.02.2017 № 45 қаулысымен (алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша – Бөлім) басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары, бөлімшелері және өкілдіктер жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Егер бөлімге заңнамаға сәйкес өкілеттік берілсе, ол өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте бұйрықтар қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы және штаттық санының лимиті аудан әкімдігімен бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 150900, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, А.Құнанбаев көшесі, № 5 үй.

      10. Бөлімнің толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Мамлютского района Северо-Казахстанской области".

      11.Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Бөлім қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы (қызметінің мақсаты) – Бөлімнің қызметін ақпараттық-талдаулы қолдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникамен қамтамасыз етуді жүзеге асыру болып табылады.

      15. Бөлімнің міндеттері:

      Бөлім коммерциялық емес түрдегі басқару қызметін іске асыру үшін құрылған.

      16. Бөлім функциялары (қызметінің мәні):

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:

      бөлімнің қызметін қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      бөлім қызметін іс жүргізумен және құжаттамамен қамтамасыз ету;

      бухгалтерлік есепті және есеп беруді ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес, "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес басқа нормативтік-құқықтық кесімдер бойынша кадрлық жұмысты жүргізу;

      Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президенттің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, аудан, облыс әкімдерінің, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдарының өкімдері және шешімдерінің, қаулыларының орындалуына бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын, өтініштерін, үндеулерін тіркеу, оларды қарастыру бойынша есепті құрастыру;

      бөлім әкімші болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлеу;

      аудан аумағында мемлекеттік аграрлық саясаттың жер өңдеуде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету функциялары:

      1) жерлердің құнарлығын көтеру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Аграрлық саясатын мемлекеттік қаржылық қамтамасыз етуге сәйкес Қазақстан Республикасы үкіметінің несие ресурстарын және бюджеттік қаражатты толық игеруге, пайдалануға мониторинг жүргізу;

      3) агроқұрылымдарға бизнес – жоспарлар әзірлеуге және бүкіл әлемдік даму банктері, облыстық бюджет қаражаты есебінен несиелеуге көмектесу, несиені қайтаруға, мақсатты пайдалануға мониторинг жүргізу;

      4) аграрлық секторда бәсекелестікті және базар құрылымын дамытуға және қалыптастыруға ауылшаруашылық өнімді сатуға агросервисті енгізуге көмек көрсету;

      5) селолық елді мекендерде ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік қызметті белсенді атқару жөніндегі іс - шараларды іске асыру;

      6) ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

      7) экономикалық және статистикалық ақпаратты жинауды және талдауды іске асыру, қажет сұранысты, жағдайын талдау, ауыл шаруашылық өнімді өндірушілер мен тұтынушылар арасында байланыс орнатуға көмектесу;

      8) ауылшаруашылық өндірісті кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар кешенің іске асыру;

      9) мал шаруашылығын дамыту және облыс халқын азық – түлікпен қамту бойынша әзірленген Бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету;

      10) малдың тұқымын және азықтық сапасын жақсартуға бағытталған селекциялық – тұқымдандыру жұмысын ұйымдастыру;

      11) сүтті, етті, жүнді, тері өнімдерін сатып алу жөніндегі тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету;

      12) ауыл шаруашылық жануарлардың кепілін тіркеу;

      13) бақылау және тексеру іс-шараларын жүзеге асыру;

      14) рұқсат құжаттарын беру;

      15) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

      16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу;

      17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып тiркеу, қайта тiркеу;

      18) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;

      19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

      20) тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      бөлімнің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Бөлімнің бірінші басшысы жеткізілген штаттық саннын лимитіне сәйкес орынбасары болады.

      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) бөлімге жалпы жетекшілігін іске асырады;

      2) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      3) бөлімнің қызметін материалдық- техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз етеді, ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін ұйымдастырады;

      4) қаражатты мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      5) бөлімнің қызметін қамтамасыз ету мақсатында және жүктелген тапсырмаларды орындауда мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

      6) бөлімнің іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, қызметкерлерін марапаттау және қосымша ақы төлеу мәселелерін шешеді;

      7) бөлімнің құзыреті шегінде аудан әкімінің, әкімдіктің құқықтық актілердің, нормативтік-құқықтық актілердің жобасын дайындауды ұйымдастырады;

      8) бөлімнің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;

      9) бөлімнің қызметкерлерінің міндеттерін және құзіретін белгілейді;

      10) бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және марапаттау туралы мәселелерін шешеді;

      11) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;

      12) басқа ұйымдарда және барлық мемлекеттік органдарда бөлімнің атынан жүреді;

      13) әйелдер мен ерлердің тең құқықты және тең мүмкіндіктеріне мемлекетті кепілдік туралы заңнаманы сақталуын қамтамасыз етеді;

      14) бөлімнің қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауларына жеке дара жауапты;

      15) заңнамамен сәйкес басқа өкілеттіліктерді де іске асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарының өкілеттіктерін айқындайды.

      23. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлім мүлкі оған құрылтайшы берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Заңды тұлға және уәкілетті органның арасындағы қарым қатынасы

      27. Бөлімнің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі болып табылады.

      28. Құрылтайшының орналасу орны: индексі 150900, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, С.Мұқанов көшесі, 12 үй.

      29. Құрылтайшы Ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.

      30. Мемлекеттік мүлік бойынша атқарушы органмен және заңды тұлға, заңды тұлға және сәйкес саланың атқарушы органы, заңды тұлғаның әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

6. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі

      31. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі Бөлімнің жұмыс регламентімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына қарсы болмауы тиіс.

7. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      32. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      33.Бөлімнің ұйымдары, аумақтық органдары, мемлекеттік мекемелері жоқ.

      34. Кредитордың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған жойылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкі мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органмен бөлінеді (жергілікті атқарушы органмен).

      Кредитордың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған осы заңды тұлғаның мүлігін жүзеге асыру нәтижесінде алынған жойылған мемлекеттік заңды тұлғаның ақшасы сәйкес бюджеттің табысына өткізіледі.


О переименовании государственного учреждения и утверждении положения государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Мамлютского района Северо-Казахстанской области""

Постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 27 января 2015 года № 35. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 13 февраля 2015 года № 3103. Утратило силу постановлением акимата Мамлютского района СевероКазахстанской области от 16 ноября 2020 года № 269

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 16.11.2020 № 269 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 42 Гражданского Кодекса Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", акимат Мамлютского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Переименовать государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и ветеринарии Мамлютского района Северо-Казахстанской области" в государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Мамлютского района Северо-Казахстанской области".

      2. Утратило силу постановлением акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 21.02.2017 № 45 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на руководителя аппарата акима Мамлютского района Северо-Казахстанской области Сарбалинова К.С.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Е.Бекшенов

  Утверждено постановлением акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 27 января 2015 года № 35

Положение государственного учреждения "Отдел сельского хозяйства Мамлютского района Северо-Казахстанской области"

      Сноска. Положение утратило силу постановлением акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 21.02.2017 № 45 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Мамлютского района Северо-Казахстанской области" (далее по тексту – отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере государственного управления.

      2. Отдел ведомств, филиалов и представительств не имеет.

      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах Казначейства и в банках.

      5. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени, если он на это уполномочен в соответствии с законодательством.

      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством.

      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает приказы.

      8. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются акиматом района.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 150900, Северо-Казахстанская область, Мамлютский район, город Мамлютка, улица А.Кунанбаева, дом № 5.

      10. Полное наименование Отдела:

      на государственном языке: "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства Мамлютского района Северо-Казахстанской области".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.

      12. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из районного бюджета.

      13. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Отдела.

      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия (цель деятельности) Отдела - осуществление информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности отдела.

      15. Задачи Отдела:

      Отдел создан для осуществления управленческих функций некоммерческого характера.

      16. Функции (предмет деятельности) Отдела:

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Отдел осуществляет следующие функции:

      финансово- хозяйственное и материально- техническое обеспечение деятельности отдела;

      делопроизводство и документальное обеспечение деятельности отдела;

      организация бухгалтерского учета и отчетности;

      проведение кадровой работы в соответствии с требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", иных нормативных правовых актов;

      организация работы по контролю за исполнением Законов Республики Казахстан, Указов Президента и Постановлений Правительства Республики Казахстан, постановлений, решений и распоряжений вышестоящих представительных и исполнительных органов, акимов области, района;

      регистрация обращений, заявлений, жалоб физических и юридических лиц, составление отчета по их рассмотрению;

      разработка проектов бюджетных программ, администратором которых выступает отдел;

      функции обеспечивающие реализацию государственной аграрной политики в земледелии на территории района:

      1) разработку программ по повышению плодородия земель;

      2) мониторинг полноты освоения и использования бюджетных средств и кредитных ресурсов, выделенных Правительством Республики Казахстан в соответствии с финансовым обеспечением Государственной Аграрной политики Республики Казахстан;

      3) содействие агроформированиям в разработке бизнес – планов и кредитовании через банки второго уровня за счет средств областного бюджета и всемирного банка развития, мониторинг возврата кредитов, их целевого использования;

      4) содействие формированию и развитию рыночных структур и конкуренции в аграрном секторе, в реализации сельскохозяйственной продукции, а также внедрению агросервиса;

      5) осуществление мероприятий по активации предпринимательской деятельности в сельских населенных пунктах, в сфере сельского хозяйства;

      6) участие в разработке программ социально – экономического развития района;

      7) осуществление сбора и анализа экономической и статистической информации, анализ потребительского спроса, содействие установлению контактов потребителей и производителей сельскохозяйственной продукции;

      8) осуществление комплекса мер по улучшению кадрового обеспечения сельскохозяйственного производства;

      9) обеспечение выполнения разработанных Программ по развитию животноводства и обеспечению населения области продуктами питания;

      10) организация селекционно – племенной работы, направленной на улучшение породных и продуктивных качеств животных;

      11) обеспечение выполнения задания по закупу молока, мяса, шерсти, кожсырья;

      12) регистрация залога сельскохозяйственных животных;

      13) осуществление контроля и проверочных мероприятий;

      14) выдача разрешительных документов;

      15) выдача удостоверений на право управления тракторами и изготовленными на их базе самоходными шасси и механизмами, самоходными сельскохозяйственными, мелиоративными и дорожно-строительными машинами и механизмами, а также специальными машинами повышенной проходимости;

      16) Регистрация лиц, управляющих тракторами и изготовленными на их базе самоходными шасси и механизмами, самоходными сельскохозяйственными, мелиоративными и дорожно-строительными машинами и механизмами, а также специальными машинами повышенной проходимости по доверенности;

      17) Регистрация, перерегистрация тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости с выдачей регистрационных номерных знаков;

      18) Регистрация и выдача свидетельства о государственной регистрации залога тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных, сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости;

      19) Проведение ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости;

      20) Предоставление информации об отсутствии (наличии) обременений тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, а также специальных машин повышенной проходимости;

      17. Права и обязанности:

      Отдел при реализации возложенных на него задач и осуществлении своих функций имеет право в установленном законодательством порядке:

      1) принимать обязательные для исполнения нормативные правовые акты в пределах своей компетенции;

      2) запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;

      3) осуществлять иные права, предусмотренные действующими законодательными актами.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство отдела осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на отдел задач и осуществление им своих функций.

      19. Первый руководитель отдела назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Первый руководитель отдела имеет заместителей согласно доведенного лимита штатной численности.

      21. Полномочия первого руководителя отдела:

      1) осуществляет общее руководство отдела;

      2) организует, координирует и контролирует работу отдела;

      3) организует информационно-аналитическое, организационно-правовое, материально-техническое и финансовое обеспечение деятельности отдела;

      4) обеспечивает целевое использование бюджетных средств;

      5) в целях обеспечения деятельности отдела и выполнения возложенных на него задач организует проведение государственных закупок;

      6) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, поощрения, выплаты надбавок и премирования работников отдела;

      7) организует разработку проектов нормативных правовых актов, правовых актов акимата, акима района в пределах компетенции отдела;

      8) назначает на должности и освобождает от должностей работников отдела;

      9) определяет обязанности и полномочия работников отдела;

      10) решает вопросы о наложении дисциплинарных взысканий на работников отдела;

      11) подписывает приказы отдела;

      12) представляет отдел во всех государственных органах и иных организациях;

      13) обеспечивает соблюдение законодательства о государственных гарантиях равных прав и равных возможностей мужчин и женщин;

      14) принимает меры по противодействию коррупций, несет персональную ответственность за соблюдения антикоррупционного законодательства работниками отдела;

      15) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.

      Исполнение полномочий первого руководителя отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

      23. Отдел возглавляется руководителем, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4.Имущество государственного органа

      24. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему учредителем, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      25. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности района.

      26. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Взаимоотношения между юридическим лицом и уполномоченным органом

      27. Учредителем и уполномоченным органом Отдела является Акимат Мамлютского района Северо-Казахстанской области.

      28. Местонахождение учредителя: индекс 150900, Северо-Казахстанская область, Мамлютский район, город Мамлютка, улица С.Муканова, дом 12.

      29. Учредитель утверждает, вносит изменения и дополнения в Положение, принимает решение о ликвидации и реорганизации Отдела.

      30. Взаимоотношения между юридическим лицом и уполномоченным органом по государственному имуществу юридическим лицом и уполномоченным органом соответствующей отрасли, администрацией юридического лица и его трудовым коллективом регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

6. Режим работы государственного органа

      31. Режим работы отдела устанавливается регламентом работы отдела и не должен противоречить нормам трудового законодательства Республики Казахстан.

7. Реорганизация и упразднение государственного органа

      32. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      33. Отдел, территориальных органов, государственных учреждений не имеет.

      34. Имущество ликвидированного государственного юридического лица, оставшееся после удовлетворения требований кредиторов, перераспределяется уполномоченным органом по государственному имуществу (местным исполнительным органом).

      Деньги ликвидированного государственного юридического лица, включая средства, полученные в результате реализации имущества этого юридического лица, оставшиеся после удовлетворения требований кредиторов, зачисляются в доход соответствующего бюджета.