Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 17.04.2019 № 49/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне ( "Знамя труда" газетінде 2012 жылдың 9 қарашасында, "Солтүстік жұлдызы" газетінде 2012 жылдың 23 қарашасында жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1908 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидаларында:
1-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.