Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 5354 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 25/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 29.04.2024 № 25/6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/3 шешіміне 1- қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленген және келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға;

      3) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      4) уәкілетті орган – "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматының) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Мамлют ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

      3. Мамлют ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      6. Өтініштерді қабылдау, құжаттардың тізімі және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация және веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      7. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      8. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы алушыларға есептелген сомаларды дербес шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу мөлшері

      9. Тұрғын үй көмегінің мөлшері осы мақсаттарға отбасының (азаматтың) коммуналдық қызметттерге жұмсаған шығыстарының нормалары мен шекті жол берілетін сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

      10. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген 2-тарау 1-тармақтағы бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      11. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 (он) пайызы мөлшерiнде белгiленедi.

      12. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептейді.

      13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін есептеу келесі нормаларға сәйкес жүргізіледі:

      1) өтем шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы әр адамға көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;

      2) есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      Егер шығыстарға нормалар мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.

      14. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін алынатын шығыстар өткен тоқсанның есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтердің шығыстары нормаларынан аспайтын нақтылы шығындармен анықталады.

      Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтерiнiң көтерiлуiне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің қағидасына сәйкес жүргізіледі.

  Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 49/3 шешіміне 2- қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының күшін жойған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешімі (2012 жылғы 9 қарашада аудандық "Знамя труда" газетінде, 2012 жылғы 23 қарашада аудандық "Солтүстік Жұлдызы" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1908 болып тіркелді).

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 29 наурыздағы № 12/6 шешімі (2013 жылғы 24 мамырда аудандық "Солтүстік Жұлдызы" газетінде, 2013 жылғы 31 мамырда аудандық "Знамя труда" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2272 болып тіркелді).

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылдың 25 қыркүйегіндегі № 6/1 "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 28 маусымдағы № 16/3 шешімі (2013 жылғы 8 тамызда аудандық "Солтүстік Жұлдызы" газетінде, 2013 жылғы 8 тамызда аудандық "Знамя труда" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2339 болып тіркелді).

      4. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 27 наурыздағы № 27/5 шешімі (2014 жылғы 2 маусымда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2677 болып тіркелді).

      5. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 29 маусымдағы № 43/6 шешімі (2015 жылғы 6 тамызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3330 болып тіркелді).

      6. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 12/3 шешімі (2017 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4042 болып тіркелді).

      7. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 6/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 12 мамырдағы № 15/7 шешімі (2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4201 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады