"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. "Тайынша ауданының сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 3 шешіміне (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде 2014 жылғы 13 ақпандағы № 2553 тiркелдi, 2014 жылғы 21 ақпандағы "Тайынша таңы" аудандық газетiнде, 2014 жылғы 21 ақпандағы "Тайыншинские вести" аудандық газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімі қосымшасының 21) тармақшасы жана мазмұнда баяндалсын:
"21) № 470 сайлау учаскесі, Котовское селосы Центральная көшесі, "Фирма Котовское СК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесі (келісім бойынша)".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Салтықов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Тайынша аудандық сайлау комиссиясының төрайымы 2015 жылы 27 наурыз |
Ю. Солунина |