"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Иманслям |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 284 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ереже
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қаладағы әлеуметтік және экономикалық үрдістерді басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірде орындайтын, реформаларды тереңдету бойынша Үкімет шараларын жүзеге асыру мезанизмін жетілдіретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ұйымдары, аумақтық органдары, мемлекеттік мекемелері, ведомстволары жоқ.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Президенттің басқа нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасайды.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың бір тарабы ретінде болуға құқығы бар.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңмен белгіленген тәртіпте "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме басшысының шешімдерімен, өкімдерімен Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 2.
10. Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік тілде - "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
орыс тілінде - государственное учреждение "Аппарат акима города Тайынша Тайыншинского района Северо-Казахстанской области"
11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
12. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
13. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға қатысты кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілетін болса, мұндай қызметтен түскен кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеменің борышы, негізгі міндеттері, қызметтері, құқығы және міндеттері.
14. Борышы: "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Тайынша қаласы әкімі қызметінің талдау-ақпараттық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.15. Міндеттері:
1) Тайынша қаласы әкімінің қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент Жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулыларының, әкімнің және Тайынша ауданы әкімі мен әкімдігінің, Тайынша қаласы әкімінің қаулыларының, шешімдерінің, өкімдерінің орындалуын бақылау;
3) қала аумағындағы жағдайлар туралы Тайынша қаласының әкімінің уақытылы және толық ақпараттандыру;
16. Функциялары:
1) Тайынша қаласы әкімінің номенклатурасына енетін кадрлар бойынша ұсыныс енгізу және зерделеуді ұйымдастыру жолымен кадрлық саясатты жүзеге асыру, Тайынша қаласы әкімінің аппаратындағы қызметкерлерді қайта даярлау, тәлімгерлік пен оқытуды ұйымдастыру;
2) жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізу;
3) мемлекеттік жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және дайындау;
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Тайынша қаласы әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
2) ауданның атқарушы органдарынан Тайынша қаласы әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты, қажетті құжаттарды сұратуға және алуға;
3) Тайынша ауданы әкімдігінің отырыстарына және Тайынша аудандық мәслихаттың сессиясына, Тайынша ауданы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңестік органдарының отырыстарына қатысу.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшылығын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Президентімен белгіленген тәртіпте лауазымға сайланады және тағайындалады, лауазымнан босатылады.
20. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары бар.
21. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің лауазымдық тұлғасы болып табылады және оның атынан азаматтармен және ұйымдармен, мемлекеттік органдармен сенімхатсыз өзара қарым қатынас жасайды.
2) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған түсімдерден қорларды пайдалану үшін 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің" 102.1 бабына сәйкес қала әкімімен жергілікті өзін-өзі басқару қызметін жүзеге асыруға бағытталған ақша түсімдері мен шығындарының жыл сайынғы жоспары құрылады.
3) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғау бойынша шаралар қолданады;
4) өз құзыретінің шегінде жер қатынастарының реттеуін жүзеге асырады;
5) Тайынша қаласындағы автомобиль жолдарын ұстау, жөндеу және қайта құруды, және олардың құрылысын қамтамасыз етеді;
6) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс, әскери қызмет және әскери міндеттер, сонымен қатар, мобилизация және мобилизациялық дайындық туралы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;
7) тарихи және мәдени мұраны сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
8) қала аумағында тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту бойынша, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ұсыныс енгізеді, жалғызбасты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
9) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі;
10) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекет етеді;
11) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
12) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитариялық тазалау жұмыстарын ұйымдастырады.
13) туысқандары жоқ адамдарды жерлеу және зираттарды және басқа да жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
14) елді мекендердің жерлерінде мал бағу орындарын белгілейді;
15) ерлер мен әйелдер арасында мүмкіншіліктер мен тең құқықтарға мемлекеттік кепілдік туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
16) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау үшін жеке жауапты болады, жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қабылдайды;
17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
18) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіптік емес деңгейде медиацияны жүзеге асыратын кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;
19) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті кейін сатып алу құқығынсыз жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;
20) өзіне тапсырылған коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;
21) кіріс көздерін қалыптастырады;
22) жергілікті өзін-өзі басқару қызметтерін жүзеге асыруға әкімдермен бағытталған ақша аударуға арналған орталық өкілетті органда бюджетті орындау бойынша бақылау шотының ашуын қамтамасыз етеді;
23) Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңында қарастырылған бюджеттік қорды үнемдеу және (немесе) түскен қаражат есебінен еңбек шарттары бойынша жұмысшыларды қабылдайды;
24) жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін ақшаның түскен және шығындалған жоспарын бекітеді;
25) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларына сәйкес олардың басқаруында қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік мекемемен сатудан түскен ақшаның жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді;
26) мүгедектерге көмекті ұйымдастырады;
27) қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
28) дене тәрбиесі және спорт жөніндегі уәкілетті органымен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп сауықтыру, спорттық, мәдени-көпшілік және мүгедектер арасында іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
29) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп мәдени-көпшілік және ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырады;
30) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмекті үйлестіреді;
31) халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына көмек көрсетуді үйлестіреді;
32) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексімен қарастырылған бұзушылықтар жасағаны үшін қала аумағында жасалған болса, әкімшілік жаза шығарады;
33) Тайынша ауданының пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етеді және басқа да әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
34) өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған шешімдерді және басқа да актілерді қабылдайды.
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшының лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалатын және босатылатын орынбасары бар.
23. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалатын және босатылатын Тайынша қаласының әкімі басқарады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен қарастырылған жағдайда тікелей басқаруындағы жекелеген мүлкі бар."Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесінің оған иелікке берілген мүлік есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы заңнамамен тыйым салынбаған өзінің қызметінің нәтижесінде және басқа көздерден алынған мүліктерден (ақша кірісін қоса) қалыптасады.
25. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер басқасы заңнамамен бекітілмеген болса, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Заңды тұлға мен уәкілетті органның арасындағы өзара қатынасы
27. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы болып Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әкімдігі болып табылады.28. Құрылтайшының орналасқан орны: индекс 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197.
29. Құрылтайшы Ережені бекітеді және өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта құру және жою туралы шешім қабылдайды.
30. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органның, заңды тұлға әкімшілігі мен оның еңбек ұжымның арасындағы өзара қатынасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес реттеледі.