Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қыркүйекте N 3363 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 қазандағы N 436 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 08.10.2015 N 436 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы 14 бабы 3 тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қоса берілген тәртібі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Иманслям

  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 1 қосымша

Балаларды Степное селосынан Озерное орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 2 қосымша

Балаларды Агроном селосынан Ильичевка орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 3 қосымша

Балаларды Подлесное селосынан Летовочное орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 4 қосымша

Балаларды Дашка-николаевка селосынан Ясная Поляна орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 5 қосымша

Балаларды Ивангород селосынан Драгомировка орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 6 қосымша

Балаларды Кременчуг селосынан Келлеровка орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 7 қосымша

Балаларды Богатыровка селосынан Келлеровка орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 8 қосымша

Балаларды Северное селосынан Большой Изюм орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 9 қосымша

Балаларды Виноградовка селосынан Мироновка орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 10 қосымша

Балаларды Новоберезовка селосынан № 1 Чкалов орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 11 қосымша

Балаларды Южное селосынан Краснодольск негізгі мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 12 қосымша

Балаларды Белоярка селосынан Краснокиевка орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысына 13 қосымша

Балаларды Жанадуар селосынан Амандық орта мектебіне тасымалдау схемасы

      


  Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 350 қаулысымен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы Тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес әзірленген және келесі негізгі ұғымдар пайдалынылады:
      тасымалдаушы – ақыға немесе жалданып жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және осыған белгiленген тәртiппен берiлген тиісті рұқсаты бар, меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде көлiк құралын иеленушi жеке немесе заңды тұлға;
      балаларға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушi (бұдан әрi - тапсырыс берушi) - балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар.

2. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар

      2. Балаларды тасымалдау осы Тәртіптің талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
      3. Балаларды тасымалдау мынандай жағдайда ұйымдастырылады егер:
      aвтомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
      автомобиль жолдарының жай-күйi және олардың жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес болған жағдайда.
      4. Балаларды тасымалдауға мынандай тасымалдаушылар жiберiледi:
      1) автомобиль көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiктiлiгi және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаты болғанда;
      2) тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге нормативтiк құқықтық актiлер талаптарына сай келетiн және тиiстi тасымалдау түрiне жарамды көлiк құралдары бар.
      5. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
      1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
      2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
      3) Соңғы жыл ішінде еңбек тәртіптің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы "Жол жүру ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру бойынша негізгі ережелерін, арнайы шам және дыбыс дауыспен және арнайы түсті графикалық кестелер бойынша бояуға жататын жедел және арнайы қызметтердің тізімдегі көлік бекіту туралы" № 1196 Қаулысымен бекітілген Жол жүру ережелердің дөрекі бұзушылықтар жоқ.
      6. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
      Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен:
      1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
      2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
      3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы - автобустың жолаушылар салонында);
      4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
      5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
      6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
      7. Балаларды тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда мыналар болуы тиiс:
      1) ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
      2) жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
      3) берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
      4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
      5) тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.
      Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс;
      6) шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары. Терезе ойығын ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30 %-дан артық жабуға тыйым салынады;
      7) жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.
      8. Автокөлiк құралдарын пайдалану тасымалдаушының мiндеттi азаматтық-құқықтық сақтандыру шарттарындағы жауапкершiлiктi орындаған жағдайда жүргiзiледi. Сондай-ақ мiндеттi сақтандыруға тасымалдаушының жолаушылар алдында жол жүру және жүк тасуға арналған автокөлiктi пайдалану барысында, олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлiктерiне залал келтiрмеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi жатады.

3. Балаларды тасымалдау тәртібі

      9. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен. Автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс "Балаларды тасымалдау" деген төрт бұрыш айыратын белгiмен, сары түстi жылтыр шағын маягымен.
      10. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
      11. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
      12. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
      13. Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
      14. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:
      1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
      2) жүру маршрутын өзгертуге;
      3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
      4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
      5) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға;
      6) балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен (жаппай тасымалдаған кезде одан басқа тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптының байқауымен) автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
      15. Балалардың тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушi мынадай мәселелер кiретiн, арнайы бағдарлама бойынша балалармен тұрақты сабақтар өткiзудi ұйымдастырады:
      1) жиналу орындарында және автобусты күту уақытында қауiпсiздiк тәртiбiнiң ережелерi туралы;
      2) отырғызу және автобустан түсiру тәртiбi туралы;
      3) автобустың қозғалу уақытындағы және аялдауы кезiндегi тәртiп ережелерi туралы;
      4) тасымалдау кезiнде қауiптi немесе төтенше жағдайлар туындағандағы тәртiп туралы;
      5) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсiлдерi туралы (ересек балалармен сабақ өткiзу кезiнде).
      Сабақты өткiзу кезiнде жол қозғалысы процесiнде және тасымалдау уақытында туындайтын iс жүзiндегi жағдайларды талқылау үшiн көрнектi құралдарды пайдалану көзделуi тиiс.

Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тайыншинского района Северо-Казахстанской области

Постановление акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 2 сентября 2015 года № 3363. Утратило силу постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 08 октября 2015 года N 436

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 08.10.2015 N 436 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с подпунктом 3-1) пункта 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте" акимат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить схемы перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тайыншинского района Северо-Казахстанской области, согласно приложениям 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13.
      2. Утвердить прилагаемый порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тайыншинского района Северо-Казахстанской области.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Тайыншинского района Северо-Казахстанской области.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Е. Иманслям

  Приложение 1 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Степное в Озерную среднюю школу

      


  Приложение 2 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Агроном в Ильичевскую среднюю школу

      


  Приложение 3 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Подлесное в Летовочную среднюю школу

      


  Приложение 4 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Дашка-Николаевка в Яснополянскую среднюю школу

      


  Приложение 5 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Ивангород в Дрогомировскую среднюю школу

      


  Приложение 6 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Кременчуг в Келлеровскую среднюю школу

      


  Приложение 7 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Богатыровка в Келлеровскую среднюю школу

      


  Приложение 8 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Северное в Большеизюмовскую среднюю школу

      


  Приложение 9 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Виноградовка в Мироновскую среднюю школу

      


  Приложение 10 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Новоберезовка в Чкаловскую среднюю школу № 1

      


  Приложение 11 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Южное в Краснодольскую основную школу

      


  Приложение 12 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Белоярка в Краснокиевскую среднюю школу

      


  Приложение 13 постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Схема перевозки детей из села Жанадаур в Амандыкскую среднюю школу

      


  Утвержден постановлением акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 30 июля 2015 года № 350

Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тайыншинского района Северо-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящий Порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Тайыншинского района Северо-Казахстанской области (далее – Порядок), разработан в соответствии с подпунктом 3-1) пункта 3 статьи Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "Об автомобильном транспорте", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 767 "Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом" и используются следующие основные понятия:
      перевозчик - физическое или юридическое лицо, владеющее транспортным средством на праве собственности или на иных законных основаниях, предоставляющее услуги по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений за плату или по найму и имеющее на это соответствующее разрешение, выданное в установленном порядке;
      заказчик услуг по перевозке детей (далее - заказчик) - юридические или физические лица, ответственные за организацию специальных перевозок детей.

2. Требования, предъявляемые к перевозчикам и автотранспортным средствам

      2. Перевозки детей осуществляются автобусами, микроавтобусами, оборудованными в соответствии с требованиями настоящего Порядка и с предоставлением каждому ребенку отдельного места для сидения.
      3. Перевозки детей могут быть организованы, если: пропускная способность автомобильных дорог позволяет осуществлять регулярное движение автобусов;
      состояние автомобильных дорог и их обустройство соответствуют требованиям безопасности дорожного движения.
      4. К перевозкам детей допускаются перевозчики, имеющие:
      1) документы, подтверждающие их квалификацию и профессиональную пригодность в соответствии с законодательством Республики Казахстан об автомобильном транспорте;
      2) автотранспортные средства, пригодные к осуществлению соответствующего вида перевозок и отвечающие требованиям нормативных правовых актов в части обеспечения безопасности перевозок.
      5. Для перевозки детей допускаются водители:
      1) в возрасте не моложе двадцати пяти лет, имеющие водительское удостоверение соответствующей категории и стаж работы водителем не менее пяти лет;
      2) имеющие непрерывный стаж работы в качестве водителя автобуса не менее трех последних лет;
      3) не имевшие в течение последнего года грубых нарушений трудовой дисциплины и Правил дорожного движения, утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам".
      6. Техническое состояние, объемы и сроки проведения технического обслуживания, оборудование автобусов, выделяемых для перевозки детей, должны отвечать требованиям, установленным законодательством Республики Казахстан.
      Автобусы, предназначенные для перевозки детей имеют не менее двух дверей и оборудованы:
      1) квадратными опознавательными знаками "Перевозка детей", которые должны быть установлены спереди и сзади автобуса;
      2) проблесковым маячком желтого цвета;
      3) двумя легкосъемными огнетушителями емкостью не менее двух литров каждый (один - в кабине водителя, другой - в пассажирском салоне автобуса);
      4) двумя аптечками первой помощи (автомобильными);
      5) двумя противооткатными упорами;
      6) знаком аварийной остановки.
      7. Автобусы, микроавтобусы, используемые для перевозки детей, должны иметь:
      1) двери пассажирского салона и аварийные люки, открывающиеся и закрывающиеся без каких-либо помех. Двери не должны иметь острых или далеко отстоящих от их поверхности выступов;
      2) крыша, аварийные люки и окна, которые в закрытом состоянии полностью предотвращают попадание атмосферных осадков в кабину водителя и пассажирский салон;
      3) прочно закрепленные поручни и сидения;
      4) чистые и без порывов обшивки сидений и спинок кресел для пассажиров;
      5) ровные, без выступающих или незакрепленных деталей, подножки и пол салона.
      Покрытие пола салона выполняется из сплошного материала без порывов;
      6) прозрачные стекла окон, очищенные от пыли, грязи, краски и иных предметов, снижающих видимость через них. Запрещается закрывать оконный проем информационными или рекламными материалами более чем на 30 %;
      7) пассажирский салон, отапливаемый в холодное и вентилируемый в жаркое время года, не загроможденный инструментом и запасными частями.
      8. Эксплуатация автотранспортных средств допускается только при условии обязательного страхования гражданско-правовой ответственности их владельцев. Обязательному страхованию также подлежит гражданско-правовая ответственность перевозчика перед пассажирами за вред, причиненный жизни, здоровью и имуществу при совершении поездок на автотранспортных средствах, используемых для осуществления перевозок пассажиров и багажа.

3. Порядок перевозок детей

      9. При организации перевозок в учебные заведения перевозчик совместно с местными исполнительными органами и администрацией учебных заведений, определяют маршруты и рациональные места посадки и высадки детей.
      10. Площадки, отводимые для ожидающих автобус детей, должны быть достаточно большими, чтобы не допускать выхода детей на проезжую часть.
      11. Заказчик перевозок детей в учебные заведения регулярно (не реже одного раза в месяц) проверяет состояние мест посадки и высадки детей.
      12 Если перевозки детей осуществляются в темное время суток, то площадки должны иметь искусственное освещение.
      13. В осенне-зимний период времени площадки должны очищаться от снега, льда, грязи.
      14. Водителю автобуса при перевозке детей не разрешается:
      1) следовать со скоростью более 60 километров в час;
      2) изменять маршрут следования;
      3) перевозить в салоне автобуса, в котором находятся дети, любой груз; багаж или инвентарь, кроме ручной клади и личных вещей детей;
      4) выходить из салона автобуса при наличии детей в автобусе, в том числе при посадке и высадке детей;
      5) покидать свое место или оставлять транспортное средство, если им не приняты меры, исключающие самопроизвольное движение транспортного средства или использование его в отсутствие водителя;
      6) посадка детей в автобус производится после полной остановки автобуса на посадочной площадке под руководством сопровождающих и под наблюдением водителя (при массовых перевозках, кроме того, под наблюдением ответственного за организацию перевозки).
      15. При осуществлении регулярных перевозок детей заказчик организовывает проведение с детьми регулярных занятий по специальной программе, включающей следующие вопросы:
      1) о правилах безопасного поведения в местах сбора и во время ожидания автобуса;
      2) о порядке посадки и высадки из автобуса;
      3) о правилах поведения во время движения и остановок автобуса;
      4) о поведении при возникновении опасных или чрезвычайных ситуаций во время перевозок;
      5) о способах оказания первой помощи пострадавшим (при проведении занятий с детьми старшего возраста).
      При проведении занятий должно быть предусмотрено использование наглядных пособий, обсуждение практических ситуаций, возникающих в процессе дорожного движения и во время перевозок.