Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 24.12.2018 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. "Тайынша ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 43 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 қазандағы № 3421 тіркелген, 2015 жылғы 23 қазандағы, 2015 жылғы 13 қарашадағы "Тайынша таңы" және 2015 жылғы 23 қазандағы, 2015 жылғы 13 қарашадағы "Тайыншинские вести" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 64) тармақшасы жаңа мазмұнда баяндалсын:
"64) № 517 сайлау учаскесі:
сайлау учаскесінің орналасқан орны: Летовочное ауылы, Школьная көшесі 25, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің "Летовочное орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Летовочное ауылы;".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.