1. "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
"Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 04 мамырдағы № 36/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 маусымда № 3270 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымда "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2015 жылғы 20 маусымдаа "Нива" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына және "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тиісті оқу жылының барысында жүргізеді".
2-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды:
"Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес, өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
"Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес, кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХХХХ сессиясының төрағасы |
А. Габова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Мұстафин |