Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 2/5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 мамырда N 3763 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 50/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2020.12.23 № 50/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңда өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын әр балаға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
      2. Келесі тәртіп айқындалсын:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен тиісті оқу жылының ішінде жүргізіледі;
      2) үйде оқытылатын мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға шығындарды өндіріп алу (толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа) ата-анасының біреуіне немесе мүгедек балалардың басқа заңды өкілдеріне беріледі;
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берген айдан бастап тағайындалады;
      4) шығындарды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      3. Тимирязев аудандық мәслихатының:
      "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 04 мамырдағы № 36/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 маусымда № 3270 болып тіркелген, 2015 жылғы 08 маусымда "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2015 жылғы 08 маусымда "Нива" аудандық газетінде жарияланған);
      "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 04 мамырдағы № 36/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 40/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 22 қазанда № 3425 болып тіркелген, 2015 жылғы 07 қарашада "Көтерілген тың" аудандық газетінде жарияланған, 2015 жылғы 07 қарашада "Нива" аудандық газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
ІІ сессиясының төрағасы
Ж. Жантоқов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
С. Мұстафин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады