"Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалға алуға (жалдауға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген ауданның коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 5 ақпаннан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі |
А.Төрегелдин |
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2015жылғы 19 ақпандағы № 70 қаулысымен бекітілген |
Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік ақы мөлшерлемесі есебінің тәртібі
1. Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру кезінде жалгерлік ақы мөлшерлемесінің есебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алу) беру Қағидаларының 50 тармағына сәйкес әзірленді, және аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалгерлік ақы мөлшерлемесі есебінің тәртібін анықтайды.2. Коммуналдық заңды тұлғалардың теңгеріміндегі мемлекеттік тұрғын емес қоры объектілерін мүліктік жалдауға (жалгерлік) ұсыну бойынша жылдық жалгерлік ақының есебі құрылыс типі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін қолданылатын коэффициенттер мөлшері және базалық мөлшерлемелер негізінде анықталады, және формула бойынша жасалады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф;
Рбс – 1 шаршы метрге жалгерлік ақының базалық мөлшерлемесі, теңге жылына;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс типін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Есеп үшін коэфициенттер 1 қосымшада келтірілген.
3. Айға жалгерлік ақы құнының есебі формула арқылы анықталады
Ар= Ап * S/12
мұнда: Ар- айға жалгерлік ақының құны, теңге
Ап – бір шаршы метрге жалгерлік ақының жылдық мөлшерлемесі, теңге жылға.
S – жалдаушының алынған алаңы (мүліктік жалдауға (жалға алу) берілген ауданның 25 % мөлшерінде осы аудандарды жалға алушының жалпы пайдаланымдағы орындарға қолжетімділігін ескеруімен).
4. Көлік құралдарын, құрылыс, жұмыс және ауыл шаруашылық машиналарды, жабдықтарды, инженерлік желілерді, коммуникацияларды және басқа да аудандық коммуналдық меншік мүлкін, мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін есептемегенде, мүліктік жалға беру ақысын есептеу.
Есептеу мөлшерлемесін формула арқылы анықтау:
Ар = С х К1 х К2,
С – жылдық базалық мөлшерлеме, тең қолданылады
С=(Sбал.* Nамор.), мұнда:
Sбал. - тапсырылатын объектінің бастапқы құны
Nамор. - жылдық тозу нормасы, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтер амортизацияларының шекті нормалары негізінде анықталады.
К1 – пайдалану мерзімін ескеретін коэффициент;
К2 – пайдалану жағдайын ескеретін коэффициент.
Есеп үшін коэфициенттер 2 қосымшада келтірілген.
5. 1 және 2 қосымшаларда, кестелерде коэффициенттер жоқтығы жағдайында коэффициент 1 тең деп алынады.