"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Науқан Қайнетұлы Таласбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Омаров |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 ақпандағы № 28 қаулысымен бекітілген |
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемеде мынадай ведомство бар:
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ветеринарлық станция" шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасайды.
6. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың бір тарабы ретінде болуға құқығы бар.
7. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңмен белгіленген тәртіпте "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Крымская көшесі, 2А.
10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел ветеринарии района Шал акына Северо-Казахстанской области".
11. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
12. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
13. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға қатысты шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің борышы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің борышы: ветеринария саласында мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу.15. Міндеттері:
1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру.
9) ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау.
16. Функциялары:
1) жануарларды күтіп ұстау қағидаларын, иттер мен мысықтарды күтіп ұстау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды ұстаудың санитарлық шекаралары белгілеу жөніндегі ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына бекіту үшін енгізу;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтардың аулауын және жоюын ұйымдастыру;
3) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардардың) құрылысын ұйымдастыру, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес оларды қамсыздандыру және күтіп ұстау;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпараттың ұсынуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және өткізу;
6) жануарлардың өсіруін, еттің қабылдауын (союын), сақтауын, қайта өңдеуін, жануарлардан алынған өнімнің және шикізаттың сатуын, сондай-ақ ветеринарлық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және жүзеге асыру бойынша жұмысты іске асыратын өндіріс объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияны ұйымдастыру;
7) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіпті малдан шығатын өнімдер мен шикізатты, жануарлардың алуынсыз, залалсыздандыру (зиянсыз ету) және қайта өңдеу;
8) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіпті жануарлардың алуынсыз, залалсыздандырылған (зиянсыз ету) және қайта өңделген малдан шығатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы органға карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы ұсыныстар енгізу;
10) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулар ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін өткізгеннен кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы органға карантинді немесе шектеу іс-шараларын алу туралы ұсыныстар енгізу;
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізілімі бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларын ескерту бойынша ветеринариялық іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастыру;
13) ауыл шаруашылық жануарларды бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін, ауыл шаруашылық жануарларды бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
14) ауыл шаруашылық жануарларды бірдейлендіру жүргізу үшін бұйымдар (қаражат) және атрибуттардың қажеттілігін анықтау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
15) ветеринарлық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органға ұсыну;
16) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органға ветеринариялық іс-шаралар, жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын ескерту бойынша ұсыныстар енгізу;
17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы, диагностикасы бюджеттік қаражат есебінен жүргізілетін жануарлардың энзоотикалық тізілімі бойынша ұсыныстар енгізу;
18) республикалық қорындағы ветеринариялық препараттарды қоспағанда, бюджеттік қаражат есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттардың сақталуын ұйымдастыру;
19) облыстың жергілікті атқарушы органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында орналасқан ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
20) жануарлардың санитариялық союын ұйымдастыру;
21) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін басқа да өкілеттіктері іске асыру;
22) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру құқығы бар мемлекеттік ветеринарлық дәрігерлердің тізімін бекіту;
23) жеке және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды ұйымдастыру және іске асыру;
24) эпизоотикалық ошақтар пайда болған жағдайда олардың тексерісін өткізу;
25) эпизоотологиялық тексеру актісін беру;
26) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
27) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
28) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
29) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
30) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе аяқталуы туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарламаларды қабылдау, сонымен қатар "Рұқсат берулер және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес рұқсат берулер және хабарламалардың мемлекеттік электрондық реестрін жүргізу;
31) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктер.
17. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ветеринарлық станция" шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының функциялары:
1) жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды өткізу;
2) ауыл шаруашылық жануарлардың бірдейлендірілуін өткізу;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
5) құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
7) ветеринариялық анықтама беру;
8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беру;
9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;
10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған, ветеринария саласындағы қызметтердің басқа да түрлері.
18. Құқытары мен міндеттері:
1) Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және басқа да мекемелерден қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;
2) Белгіленген ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормативтерді бұзған жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті іске асыратын заңды және жеке тұлғалардың лицензияларын кері қайтаруға бастамашылық етуге;
3) Белгіленген тәртіпте төтенше эпизоотикаға қарсы комиссияларды құру туралы ұсыныс енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте ветеринария саласында кедергісіз кіруге (қызметтік куәлікті көрсетіп), сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметі туралы ақпаратты алуға;
5) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшiн, зерттеу жүргiзу мерзiмi туралы мүдделi тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын iрiктеп алуды жүргiзуге;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалаужүргізу;
7) ветеринариялық құжаттар беру;
8) осы заңда берiлген өкiлеттiктер шегiнде актiлер шығаруға;
9) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеудi ұйымдастыру iсiне қатысуға, сондай-ақ аталған фактiлер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
10) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
19. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын, "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, бірінші басшы жүзеге асырады.20. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырып, басшылық етеді және "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
2) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;
3) "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады;
4) "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз қызмет атқарады, "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің атынан аппараттың басқа қызметкерлеріне "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүддесінде қандайда бір іс-әрекет жасауға өкілеттік береді;
5) "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
6) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа құжаттарды келіседі, аудан әкімдігіне және әкіміне ұсынады;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мадақтайды және оларға тәртіптік жаза белгілейді;
8) "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің шығындар жоспарын бекітеді, бюджетпен қарастырылған қаражатын басқарады;
9) аудан әкіміне "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмысын келешекке жоспарлау және ағымдағы ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
10) өз құзыретінің шегінде бұйрықтарды шығарады, олардың орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
11) мемлекеттік қызыметшілердің оқуын, даярлығын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді.
12) "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүддесін басқа мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда ұсынады;
13) оған аудан әкімімен жүктелген басқа да функцияларды іске асырады.
"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Бірінші басшы өз орнбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
24. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
4. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
25. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен қалыптастырылады.
26. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеменің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада басқалар қарастырылмаса, "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Заңды тұлға және уәкілетті органның арасындағы қарым қатынасы
28. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі болып табылады.29. Құрылтайшының орналасу орны: индексі 151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победы, 35 үй.
30. Құрылтайшы Ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.
31. Мемлекеттік мүлік бойынша атқарушы органмен және заңды тұлға, заңды тұлға және сәйкес саланың атқарушы органы, заңды тұлғаның әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.