Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштерін жойылғаның тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 68 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 мамырда № 4171 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының "Құқықтық актілер туралы" 27 баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды деп танылсын:
       1) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 28 "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы (2015 жылғы 27 ақпанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 3123 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 14 "Парыз" аудандық газетінде, 2015 жылғы 3 сәуірдегі №14 "Новатор" аудандық газетінде жарияланған).
       2) Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 49 "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы" қаулысы (2015 жылғы 26 наурызда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 3182 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 14 "Парыз" аудандық газетінде, 2015 жылғы 3 сәуірдегі №14 "Новатор" аудандық газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады