"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса берілген ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Омаров |
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының 2015 жылғы 4 наурыз № 49 қаулысымен бекітілген |
"Ша ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
І. Жалпы ережелер
1. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аграрлық саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
3. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынас жасайды.
6. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің егер заңнамаға сәйкес осыған өкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың бір тарабы ретінде болуға құқығы бар.
7. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңмен белгіленген тәртіпте "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151300, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35.
10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства района Шал акына".
11. Осы Ереже "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
12. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
13. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға қатысты шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
14. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің миссиясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шал ақын ауданында жер өңдеу және мал шаруашылығында мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру болып табылады.15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға, оның сапасын арттыруға, өндіру шығынын төмендетуге жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласына қаржыны енгізуге және жаңа технологияларды пайдалануға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өндірістің диверсификациялау мәселелерін шешуге болжамдайтын сау бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы шарттарды жасау;
4) "Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011 – 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 877 қаулысына сәйкес "ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасын жүзеге асыру аясында жоспарлық тапсырмаларды орындауға жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеу бойынша бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, бағыттайтын мәселелер бойынша облыс және аудан әкімінің және әкімдігінің актілерін орындалуын қамтамасыз ету, оларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
8) қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үрдістерін орындау;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде тұрған ғимараттарды және құрылыстарды, тұрғын үйді күтіп ұстау, күрделі және ағымдағы жөндеуді қамтамасыз ету;
16. Функциялар:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес агроқұрылымдарға және кәсіпорындарға ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеуге, экономикалық бизнес-жоспарды және мемлекеттік несиелеу бағдарламалар арқылы несиелеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аграрлық секторда, қайта өңдеу және ауыл шаруашылық өнімді жүзеге асыру саласында, сонымен қатар агросервисті енгізуге нарықтық құрылымның және бәсекелестікті құруға және дамытуға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндіріске және қайта өңдеуге жаңа техниканы және дамыған технологияларды енгізуге жәрдемдесу;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндірісті техникалық қайта жабдықтаумен жәрдемдесу;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында жергілікті және шетел жетістіктерін зерттеу және насихаттау;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның агроөнеркәсіп кешенінде қаржылық саясатты жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын, ауылдың әлеуметтік саладағы қаржылық саясатты әзірлеуге қатысу;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сұрапыл апаттарды және басқа төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға жәрдемдесу;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның барлық тауар өндірушілердің дамуы үшін ауыл шаруашылық нарығын және қажетті экономикалық жағдайларын және құқықтық қамсыздардыруды реттеу механизмін құруға жәрдемдесу;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес экономикалық және статистикалық мәліметті жинау және талдау, тұтынушылық сұранысты, сату нарықтардың (маркетингтік зерттеулер) жағдайын талдау, тұтынушылардың және ауыл шаруашылық өнім өндірушілердің байланыстарын орнатуға жәрдемдесу, экспорт бойынша дайындыққа қатысу;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның аграрлық секторының өндірістік қызметін талдау;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржыларды тарту, ауылды елді мекеннің кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін арттыру, шығарылатын ауыл шаруашылық өнімнің ассортиментін кеңейту және сапасын жоғарылату бойынша іс-шаралар кешені;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылық өндірістің кадрлық қаматамасыздығын жақсарту бойынша шаралар кешені;
15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа өкілеттік.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданның атқарушы органдарынан, ауылдық округ әкімдерінен қажетті құжаттарды, мәліметті сұрау және алу;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер шешіміне ауданның атқарушы органдарының, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін қатыстыру;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімдігінің және мәслихаттың, аудандық, аумақтық және басқа атқарушы органдарының алқа отырыстарына қатысу;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген тапсырмаларды және функцияларды орындау;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен басқа заңды актілерді жасау.
3. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын, "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын, бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырып, басшылық етеді және "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
2) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;
3) "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады;
4) "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз қызмет атқарады, "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің атынан аппараттың басқа қызметкерлеріне "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүддесінде қандайда бір іс-әрекет жасауға өкілеттік береді;
5) "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемедегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
6) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа құжаттарды келіседі, аудан әкімдігіне және әкіміне ұсынады;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мадақтайды және оларға тәртіптік жаза белгілейді;
8) "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің шығындар жоспарын бекітеді, бюджетпен қарастырылған қаражатын басқарады;
9) аудан әкіміне "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің жұмысын келешекке жоспарлау және ағымдағы ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
10) өз құзыретінің шегінде бұйрықтарды шығарады, олардың орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
11) мемлекеттік қызыметшілердің оқуын, даярлығын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруын қамтамасыз етеді.
12) "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің мүддесін басқа мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда ұсынады;
13) оған аудан әкімімен жүктелген басқа да функцияларды іске асырады.
"Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орнбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
4. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада басқалар қарастырылмаса, "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Заңды тұлға және уәкілетті органның арасындағы қарым қатынасы
27. "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі болып табылады.28. Құрылтайшының орналасу орны: индексі 151300, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Победа көшесі, 35 үй.
29. Құрылтайшы Ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, "Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды.
30. Мемлекеттік мүлік бойынша атқарушы органмен және заңды тұлға, заңды тұлға және сәйкес саланың атқарушы органы, заңды тұлғаның әкімшілігі және оның еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.