Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 16.03.2018 № 207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 495 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 5 тармағына сәйкес, V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 306-ІV "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2561 санымен тіркелген, 2010 жылы 18 ақпанда "Атырау" газетінде жарияланған) шешімінің 5 қосымшасына келесі өзгеріс енгізілсін:
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 5 қосымша жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының экология, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Д. Құлжанов) жүктелсін.
Сессия төрағасы | Т. Мұқатанов | ||
Мәслихат хатшысы | С. Лұқпанов | ||
Облыстық мәслихаттың ХХХ сессиясының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 363-V шешіміне қосымша |