Атырау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 220 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 3279 болып тіркелді

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13-бабының 1-1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37- баптарына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары бекітілсін.
      2. "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы "17" шілдедегі № 220 қаулысымен бекітілген

Атырау облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидасы мен шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Атырау облысының автомобиль жолдарын сыныптау қағидасы мен шарттары "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрленген.

2. Сыныптау қағидасы және шарттары

      2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау жол қозғалысының геометриялық параметрлерi мен есептiк қарқындылығына байланысты ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      Шаруашылық автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн сыныптау жолдың көрсетiлген түрлерiне талаптарды ескере отырып, ұқсас тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын пайдалануға қабылдаған күннен бастап жиырма күннiң iшiнде жергiлiктi атқарушы орган мемлекеттiк уәкiлеттi органға келісу үшін жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне автомобиль жолын енгiзу туралы материалдарды жiбереді.
      Жiберiлетiн материалдар автомобиль жолы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пайдалануға қабылдағанын растайтын құжаттарды, автомобиль жолының атауы мен индексi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тиiстi тiзбесiн қамтуы тиiс.
      Мемлекеттiк уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды жиырма күннiң iшiнде қарайды. Автомобиль жолын кейiннен жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқару органына жазбаша келiсiм жiберiледi.
      Автомобиль жолын жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тiзбесiне енгiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға келiсуге материалдар толық мәлiметтерсiз және/немесе осы тармақта көзделген құжаттарсыз ұсынылған жағдайда мемлекеттiк уәкiлеттi орган барлық кемшiлiктердi жою үшiн өтiнiштi қайтарады.

3. Автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi

      4. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары және индекстерi болуы тиiс.
      Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының атауына елдi мекендердiң бастапқы және соңғы, қажет болғанда аралық мекендердің атаулары кiредi.
      Автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
      Автомобиль жолдарының индексiндегi сандар индекс әрiптерiнен кейiн дефис арқылы берiледi.
      5. Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
      Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнiң бiрiншi әрпi "К"-мен белгiленедi.
      Жергiлiктi маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексiндегi келесi әрiптерi жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша, кестеге сәйкес белгiленедi: бұл жағдайда Атырау облысы "Е" әрпімен белгіленеді.

"КЕ" әрпiнен кейiн индекстiң келесi әрпiн меншiктеу кестесi

Реттік номер

Атырау облысы аудандарының атаулары

Индекстегі әріп атауы

1

2

3

1
Махамбет
МХ
2
Индер
ID
3
Исатай
IS
4
Кұрманғазы
KR
5
Мақат
MK
6
Қызылқоға
KY
7
Жылыой
GL

      Автомобиль жолы екi және одан да көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арқылы өткен жағдайда жергiлiктi маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге тиесiлiгi бойынша индекстiң бiрiншi әрпiнен кейiн әрiптер әлiпбилiк тәртiппен меншiктеледi.

Об утверждении Правил и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Атырауской области

Постановление акимата Атырауской области от 17 июля 2015 года № 220. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 13 августа 2015 года № 3279

      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах" и статьями 27, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила и условия классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Атырауской области.
      2. Государственному учреждению "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Атырауской области" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Шакимова Т.А. - заместителя акима Атырауской области.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области Б. Измухамбетов

  Утвержден Постановлением акимата Атырауской области от "17" июля 2015 года № 220

Правила и условия классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения Атырауской области

1. Общие положения

      1. Правила и условия классификации автомобильных дорог Республики Казахстан разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах".

2. Правила и условия классификации

      2. Классификация автомобильных дорог общего пользования местного значения осуществляется в соответствии с национальными стандартами в зависимости от геометрических параметров и расчетной интенсивности дорожного движения.
      Классификации хозяйственных автомобильных дорог, улиц населенных пунктов осуществляются в аналогичном порядке, с учетом требований к указанным видам дорог.
      3. В течение двадцати дней со дня приемки в эксплуатацию в установленном законодательством порядке автомобильной дороги общего пользования местного значения, местный исполнительный орган направляет на согласование в уполномоченный государственный орган материалы о включении автомобильной дороги в перечень автомобильных дорог общего пользования местного значения.
      Направляемые материалы должны содержать документы, подтверждающие приемку автомобильной дороги в эксплуатацию в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, сведения о наименовании и индексе автомобильной дороги, а также соответствующий перечень автомобильных дорог общего пользования местного значения.
      Уполномоченный государственный орган рассматривает представленные документы в течение двадцати дней. Местному исполнительному органу направляется письменное согласование для последующего включения автомобильной дороги в перечень автомобильных дорог общего пользования местного значения.
      В случае представления материалов на согласование местным исполнительным органом на включение автомобильной дороги в перечень автомобильных дорог общего пользования местного значения с неполными сведениями и/или без документов, предусмотренных настоящим пунктом, уполномоченным государственным органом заявление возвращается для устранения всех недостатков.

3. Наименования и индексы автомобильных дорог

      4. Автомобильные дороги общего пользования Республики Казахстан должны иметь наименование и индекс.
      В наименование автомобильной дороги общего пользования входит название начального и конечного населенных пунктов, при необходимости - промежуточных пунктов.
      Индекс автомобильной дороги состоит из букв латинского алфавита и группы цифр.
      Цифры в индексе автомобильных дорог присваиваются через дефис после букв индекса.
      5. Индекс автомобильной дороги общего пользования местного значения состоит из букв латинского алфавита и группы цифр.
      Первая буква индекса автомобильной дороги общего пользования местного значения устанавливается – "К".
      Последующие буквы в индексе автомобильных дорог общего пользования местного значения устанавливаются по принадлежности дороги к административно-территориальным единицам, в соответствии с таблицей: в данном случае Атырауская область "Е"

Таблица присвоения последующей буквы индекса после буквы "КЕ"

Порядковый номер
Наименование районов Атырауской области
Наименования буквы в
индексе
1
2
3
1
Махамбеткий
МХ
2
Индерский
ID
3
Исатайский
IS
4
Курмангазинский
KR
5
Макатский
MK
6
Кызылкогинский
KY
7
Жылыойский
GL

      В случае прохождения автомобильной дороги в двух и более административно-территориальных единицах, после первой буквы индекса последующие буквы присваиваются в алфавитном порядке, по принадлежности автомобильной дороги общего пользования местного значения к соответствующим административно-территориальным единицам.